Google – Scholar

02.02.142015 жылғы 2 ақпанда ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі импакт-факторлы шетел журналдарын іріктеу және дәйексөз алудың дербес индексін анықтау бойынша ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинар жұмысына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жас ғалымдар белсене атсалысты.
Ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл индекстелетін журналдарды іріктеу әдістемесі туралы баяндама оқыды. Баяндамада Google – Scholar іздестіру жүйесін пайдалану мәселелері қамтылып, дәйексөз алудың дербес индексін анықтау: аталған жүйеде тіркелу үшін қандай қадамдар істеу, жүйеде өз ғылыми мақалаңды қалай дұрыс құру, дәйексөз алу индексін көтеруге арналған қандай шаралар қолдану керектігі жайлы практикалық кеңестер берілді.

Аталған ақпарат ҚМПИ қызметкерлерінің кәсіби қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты семинарға қатысушылар ғылыми мақалалар дайындау сапасын көтерудің тиімді нысаны ретінде осындай ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруды одан әрі жалғастыруға ықылас білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз