Факультеттердің бастамашыл топ студент-мүшелерінің жиналысы
- Подробности
- Опубликовано: 19 февраля 2015
2015 жылғы 19 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында факультеттердің бастамашыл топ студент-мүшелерінің G-Global халықаралық жобасы мен «ЕХРО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмыстарын алға бастыру бойынша жиналысы өтті.
ҚМПИ ректорының кеңесшісі, жоба үйлестірушісі Ғ.И.Шаймерден студенттер алдында сөз сөйледі. Ғ.Шаймерден G-Global – бұл әлемнің сарапшылар қауымдастығына әлем экономикасы мәселелері жөнінде интерактивті, ашық және бұқаралық пікірталастар, пікірсайыстар жүргізуге жағдай жасайтын көпфункциялы платформа, сондай-ақ жоба әлемдік қаржы дағдарысынан шығу механизмдерін талқылау мен жасауға бағытталған және дағдарысқа қарсы шешімдер іздеуге қатысушылар қатарын қарқынды кеңейтуге арналғандығы туралы баяндады.