«Жоғары оқу орны студенттерінің зерттеу мүмкіндіктері: балашаққа көзқарас»
- Подробности
- Опубликовано: 20 марта 2015
Психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы 2015 жылдың 20 наурызында кафедра Апталығы аясында «Жоғары оқу орны студенттерінің зерттеу мүмкіндіктері: балашаққа көзқарас» атты халықаралық онлайн-конференциясын ұйымдастырып өткізді. Конференцияға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері; Қырғызстан Халықаралық университетінің студенттері, Бішкек қ.; Рудный индустриалды институтының студенттері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты студенттердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша жоғары оқу орындарының желілік әрекеттестігін қамтамасыз ету, болашақ бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау тәжірибесімен бөлісу, жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен әрекеттестікті жүзеге асыру болып табылады.
Желілік байланыс нәтижесінде конференция модераторы педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Өтегенова Б.М. төмендегідей ұсыныстар жасады:
1.Жоғары оқу орындары арасында орнаған ынтымақтастықты мамандарды даярлау мәселелері мен өзекті тақырыптары бойынша жалғастыру.
2.Жоғары оқу орындары арасында төмендегідей бағыттар бойынша ынтымақтастық жөнінде Келісім-шартты әзірлеу:
-бірлескен онлайн-конференцияларын,
-ғылыми семинарлар,
-қашықтықтан ХҒПК өткізу,
-бірлескен басылымдар жариялау,
-академиялық мобильділік жөнінде бағдарламаны іске асыру.
3.Бірлескен студенттік ғылыми жобалар дайындау.