«Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасы»
- Подробности
- Опубликовано: 27 марта 2015
27 наурыз 2015 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған «Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен бір топ ғалым-тарихшылар келіп, өз баяндамаларын оқыды. Конференцияның пленарлық отырысында институт ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Баймырзаев кіріспе сөзбен ашып, конференцияның мән-маңызын ерекше атап өтті.
Одан кейін сөз алған Ақтөбе қаласынын келген т.ғ.д., профессор Абдуллаев Н.А., Көкше жерінен келген т.ғ.д., профессор Әбуев Қ.Қ., Астана қаласынан келген Артықбаев Ж.О. өз баяндамаларын оқыды. Конференция өз жұмысын 5 бағыттық секция бойынша жүргізді. Барлық баяндамашыларға сертификаттар мен конференция жинақтары табыс етілді. Конференцияға келген қонақтар институт өмірімен танысып, факультет, мұражайды аралады.