Студенттік инновациялық жобалар байқауы
- Подробности
- Опубликовано: 06 мая 2015
2015 жылдың 6 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ғылым күніне арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңдері өтті.
Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу;
2) Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
3) Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.
Ғылым күніне арналған жооішілік инновациялық жобалар байқауы 3 кезеңде өтті.
Бұл байқау өткен оқу жылындағы студенттер өміріндегі ең басты оқиғалардың бірі болды. Аталмыш байқау студенттерге өзі таңдаған ғылым саласындағы білімдерін жетілдіріп, ой-өрісін дамытып, ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибе дағдыларын қалыптастыруға бірден-бір септігін тигізері сөзсіз.
Сараптама комиссиясының шешімі бойынша 7 команда үздік танылды.
Ұсынылған жобаларды білікті қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына алқа төрағасы болып тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚМПИ ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректоры Еркін Аманжолұлы Әбіл тағайындалды.
Алқа мүшелері:
1) Заң ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген;
2) Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Тілеген Әлмұханұлы Ахметов;
3) Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ ППФ педагогика кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Мазанқызы Өтегенова.
4) Физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика-математика және жалпытехникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Берген Абитович Калаков.
Жоба сын тұрғысынан қызу талқыға түсіп, институт ғалымдарының қызығушылығын тудырды, ол өз кезегінде байқауға ғылыми, өзекті сипат берді.
Байқау жеңімпаздары:
1. Жаратылыстану-математика факультетінің командасы, «Физика» мамандығының 1 курс студенттері Абдуали Айгерим Кайрат-кызы, Картай Акбота Жасулан-кызы және Умиржанов Жансултан Умиржан-улы;
2. Тарих және өнер факультетінің командасы, «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері Кадралинов Алмат Саимович және Караичев Дмитрий Игоревич;
3. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттер командасы Хорошевская Виктория Викторовна, Перейма Мария Богдановна, Сейланова Зарина Ерикбаевна, Жаксылык Самурат Куандык-улы, Шакиров Ермек Ербосынович, Фогель Кристина Евгеньевна.
Ғылым күніне арналған инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары ректор бұйрығымен I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, 1 орынға 100 000 теңге, 2 орынға 70 000 теңге, 3 орынға 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.
Байқаудың барлық қатысушылары осындай іс-шараларды жиі өткізуге тілектерін білдірді. Себебі аталған іс-шара басқа қатысушылардың жұмыстарымен танысуға, сөйлемдерін логикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға, өз көзқарасын дәлелдеуге, баламалы түсініктер ұсынуға септігін тигізіп, коммуниктивтік қабілеттерін дамытуда құнды тәжірибе болды.