Француз тілін дамыту мәселелері бойынша халықаралық әдістемелік семинар
- Подробности
- Опубликовано: 02 июня 2015
2015 жылғы 1-2 маусымда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Республикалық француз тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығы Қазақстандағы Франция Елшілігі және Астана, Қарағанды, Қостанай қалаларының француз альянстарымен бірлесе отырып, қазақстандық француз тілінің мұғалімдері мен оқытушылары, француз тілінің болашақ мұғалімдері үшін француз тілін оқытудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық әдістемелік семинар өткізді. Семинар аясында пленарлық және секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Пленарлық отырыста алғы сөзді ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор Е.А.Әбіл алып, Қазақстандағы француз тілі мұғалімдері қауымдастығының президенті К.Фаизова баяндама оқыды. Ынтымақтастықты одан әрі нығайту ұсынысымен Қазақстандағы Франция елшілігінің француз тілін дамыту мәселелері жөніндегі атташесі Паскаль Виторж және іс-шараның басқа да ұйымдастырушылары сөз сөйледі.