2015-2016 жыл – инновациялар жылы
- Подробности
- Опубликовано: 08 октября 2015
2015-2016 оқу жылында кафедра оқытушылары оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану жоспарын іске асыру мақсатында қазан айынан бастап ашық сабақтар өткізетін болады. Инновациялар жылы кафедра оқытушылары заманауи білім беру технологияларын қолданып, 62 ашық сабақ өткізуді жоспарлап отыр.
Ағымдағы жылдың қазан айында К.М.Мырзағалиева (қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, 29 қазан, 9.30, 509 дәрісхана), М.Ж.Бекмағамбетова (Қазақстан тарихы кафедрасы, 16 қазан, 15.30, 215 дәрісхана), М.О.Рагатова (әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы, 27 қазан, 16.30, 203-А дәрісханасы), О.Д.Подавец (шетел тілдер кафедрасы, 26 қазан, 16.30, 307 дәрісхана), О.В.Калиниченко (психология кафедрасы, 14 қазан, 9.30, 811 дәрісхана), Ю.П.Кузьменко (мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы, 30 қазан, 11.30, 629 дәрісхана), К.И.Омарова (жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, 28 қазан, 11.30, 811 дәрісхана), К.Т.Баймағамбетова (жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, 8 қазан, 13.30, 811 дәрісхана) сынды оқытушылар әріптестерін ашық сабақтарына қатысуға шақырады.
Инновациялар жылына орайластырылған әдістемелік семинарларға кафедралар институт оқытушыларын ғана емес, облыс пен қала мұғалімдерін де шақыратын болады. Әдістемелік семинарларға институт оқытушылары, Қостанай облыстық Назарбаев зияткерлік мектебі, Жамбыл ШЖМ, Александров ОМ және қала мектептерінің мұғалімдері қатыспақ. Мәселен, педагогика кафедрасымен 2016 жылғы сәуір айына жоспарланған «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу бойынша мұғалімдерді ғылыми қолдау» тақырыбындағы әдістемелік семинарға «Қостанай қаласы педагогикалық шеберлік орталығы» Ч.У. филиалының директоры Е.А.Онищенко, институт оқытушылары, қала мектептерінің мұғалімдері шақырылады.
Шетел тілдері кафедрасы қазан айында «Эдмодо» интерактивтік білім беру платформасын қолдану бойынша 4 сабақ өткізеді. Сабақтар сенбі күні, сағат 13.30-да, көптілді орталықта өтеді.
2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшылары мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО АҚФ республикалық институты филиалының базасында біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушылар инновациялық жобаларды әзірлеуге кірісті. Инновациялық жобалар көрмесі ағымдағы оқу жылының екінші жартыжылдығында өтеді. Кафедралардың облыс пен қаланың жалпы білім беретін мекемелерімен ынтымақтастығы аясында оқытудың белсенді әдістерін және білім берудің 12-жылдық үлгісіне көшу жағдайындағы инновациялық технологияларды қолдану бойынша шағын жинақты мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстелдер мен онлайн-конференциялар өткізу жоспарлануда. Мәселен, 2016 жылғы 13 сәуірде Қазақстан тарихы кафедрасы Сарыкөл ауданының мұғалімдерімен «Шағын жинақты мектептердегі оқыту мәселелері» тақырыбында онлайн-конференция, ал 2015 жылғы 6 қарашада мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы Александров шағын жинақты орта мектебінің мұғалімдерінің қатысуымен «Оқытудың инновациялық әдістері – ШҚБМ бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту шарттары ретінде» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізуді жоспарлап отыр.
Физика-математика және жалпытехникалық пәндер кафедрасының оқытушылары О.С.Телегина, Б.Н.Демисенов, Г.Б.Асканбаева, А.А.Алимбаев қала мектептерінің оқушыларымен физика және математика пәндері бойынша «Тенгри» онлайн олимпиадасын өткізеді.
Инновациялық технологияларды қолдану жөніндегі жоспарды іске асыру жұмыстарына институттың барлық кафедралары белсене атсалысуда. Инновациялар жылы жоспарын орындау жөніндегі есеп оқу жылының соңында Ғылыми кеңесте тыңдалатын болады.
Осылайша, жобалы жоспарларды жүзеге асыруда кафедраларға тек қана сәттілік пен шығармашылық табыстар тілейміз.