7 жалпыресейлік саясаттанушылар конгресі
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2015
19-21 қарашада Мәскеу қаласында жетінші жалпыресейлік саясаттанушылар конгресі өтті, оған 30 мемлекеттен келген саясаттанушылар қатысты. Қазақстандық делегация құрамында ректор кеңесшісі Ғ.Шаймерден де болды. «Заманауи саясат талқысындағы саяси ғылым» мәселелері форум тақырыбы болды. Конгресс ММХҚИ ғимаратында өтіп, үш күн қарқынды тәртіпте жұмыс істеді. Саяси ғылымның түрлі бағыттары бойынша 60-қа жуық секциялар жұмыс істеп, жаһандық және әлемдік заманауи саясат мәселелері талқыланды. Ғ.Шаймерден Еуразиялық біріктіру мәселелеріне арналған баяндама оқыды. Бұл секцияда ЕАЭО мәселелері бойынша қызу пікірталас болып, түрлі, ішінара қарама-қайшы пікірлер де айтылды.