Студенттік стартап-жобалар «Жастар Отанға» инновациялық идеялардың республикалық фестивалінің екінші кезеңіне өтті

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының  студенттері ҚР-ның Дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі «Болашақ» Қауымдастығымен бірлесе өткізіп жатқан «Жастар Отанға» инновациялық идеялардың республикалық фестиваліне  қатысуда белсенділік танытты.

«Жастар Отанға» инновациялық идеялардың республикалық фестивалі Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын, соның ішінде «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мен дамыту мақсатында өткізіледі.
         Аталмыш байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • - бизнесті дамыту және халықты жұмыспен қамту, жастардың іскерлік қабілеттерін қалыптастыру;
  • - ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру;
  • - ақпараттық теңсіздік мәселелерін шешу, жастардың  мемлекеттік және өзге бағдарламаларға қолжетімділігін арттыру.

Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге біздің институтымыздан 16 стартап-жоба ұсынылды.

Фестивальдің екінші кезеңіне жаратылыстану-математика факультеті студенттерінің 4 жобасы өтті.

  • «Тұрақты ток көзін даярлау және оны оқу үрдісінде қолдану» - «Химия» мамандығының 2 курс студенті К.О. Кибиктің жобасы, ғылыми жетекшісі - Т.С. Кобец.
  • «Сандық бағдарламамен басқарылатын білдектер» - «Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенті А.С. Бекжігітовтың жобасы, ғылыми жетекшісі А.Б. Жігітов.
  • «Macromedia Flash ортасында оқыту - әдістемелік құралдарын жасау»  -  «Информатика» мамандығының 2 курс студенті Ә. Байбосыновнаның  жобасы, ғылыми жетекшісі -  Г.Б. Даулетбаева.
  • «Android операциялық жүйесі негізінде оқыту қосымшасын құру» -  «Информатика» мамандығының 4 курс студенті А. Зиятовтың жобасы,  ғылыми жетекші - Айтбенова А.А.

Біздің ЖОО стартап-инновациялық жобалары екінші кезеңге өткен 274 озық жобалардың қатарына енді.

Байқаудың бірінші кезеңіне Қазақстаннан 708 жоба ұсынылды.

Қазіргі уақытта біздің студенттер 28-29 қазанында Астана қаласында өтетін инновациялық идеялар фестивалінің білікті тренерлердің инновациялық сала бойынша өткізетін семинар-тренингтерін, идеялар мен жобаларды ұсыну бойынша мастер-класстарды, бизнес-ойындарды, атақты қазақстандық және шетелдік қайраткерлермен кездесуді; студенттер өздерінің стартап-жобаларын әділқазылар алқасының назарына ұсынатын  инновациялық идеялар байқауын қамтитын жобаның білімдік модулі және бағалау бөлімінен тұратын екінші кезеңіне дайындалуда.

Біздің студенттеріміз байқаудың екінші кезеңнен өтіп, озық отыздықтың қатарына кіреді деп үміттенеміз, себебі, жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде:

  • жоба қаржыландырылады;
  • Мәскеу қ. Плеханов атындағы РЭУ-де жоба  жетілдіріледі;
  • Startup Academy  жоба жетілдіріледі және инвестиция тартылады;
  • Ник Вуйчич, Майк Тайсон қатысатын Global Synergy Forum іс-шарасына билеттер таратылады;
  • естелік кәдесыйлар мен сертификаттар табысталады.

Біз студенттерімізді, олардың ғылыми жетекшілерін құттықтап, оларға жеңіс, жаңа идеяларды, жетістікті жобаларды жүзеге асыру, талантты шешімдерді қабылдау үшін шабыт  тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Студенттік стартап-жобалар «Жастар Отанға» инновациялық идеялардың республикалық фестивалінің екінші кезеңіне өтті