«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған «Startup «Bolashak» - 2018 байқауы
- Подробности
- Опубликовано: 12 апреля 2018
2018 жылдың 12 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған «Startup «Bolashak» - 2018 студенттік байқауының қорытынды кезеңі өтті. Іс-шараның ерекшелігі қазақстандықтар үшін маңызды Ғылым қызметкерлерінің күні өткізілуі. Осыдан бір жыл бұрын бәсекелестікті дамыту табысқа жетудің жолы ретінде белгіленген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Біздің инновациялық идеялар мен жобалар байқауымыз осының дәлелі. Студенттер өз идеялары мен ғылыми әзірлемелерін аймақтық нарыққа ұсынды.
«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған «Startup «Bolashak» - 2018 байқауы 3 кезеңнен тұрды. Сараптама комиссиясының шешімі бойынша 7 стартап-жоба ақтық мәреге жолдама алды.
Стартап-жобаларды әділқазылар алқасының назарына ұсынылды. Әділқазылар алқасының құрамы:
Әділқазылар алқасының төрайымы – Казакова Әсел Мұратқызы - Қостанай қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының менеджері
Әділқазылар алқасының мүшелері:
- Мұсабекова Гульвира Айдарханқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры;
- Ахметов Тілеген Әлмұханұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі;
- Бекмагамбетов Руслан Қабдығалиұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті аппаратының жетекшісі;
- Төлетаев Ерлан Серікұлы – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Қостанай облыстық филиалының төрағасы;
- Шаймұрынов Саят Жұматұлы – Қостанай облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастар және жастар ұйымдарымен жұмысжөніндегі бөлім басшысы;
- Бекмұрзаева Ақмарал Бақытбекқызы – Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасы «Бастау бизнес» жобасының бизнес-тренері.
Қатысушылар және олардың ғылыми жетекшілерімен ұсынылған жобаларына сындарлы сын-пікір айтылды және стартап-жобалардың институт ғалымдарының тарапынан кәсіби қызығушылыққа ие болуы байқауымызға ғылыми сипат берді.
Байқауымыздың жеңімпаздары:
- Дарханова Аягөз Әбдібекқызы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске қала жұртшылығын кеңінен жұмылдыру, ана тіліміздің мәртебесін көтерудің жолдарын қарастыруға арналған «Жарнама агенттігі» стартап-жобасын ұсынды.
- Идрисова Айдана Мұхамеджанкызы, Жұматова Динара Саматқызы, Адырбаева Жұлдыз Ерланқызы. «Тарих» мамандығының 1-3 курс студенттері Қостанай қаласының мұражай жәдігерлері және сәулет мүсіндерімен, ескерткіштермен танысуға мүмкіндік беретін аудио нұсқаулық-ұялы қосымшасын даярлады.
- Жұматова Динара Саматқызы, Бекенов Арсен Балтабайұлы, Кожамбердиев Сұлтан Аблекимұлы, Сегізбаев Сұлтан Қайратұлы, Адырбаева Жұлдыз Ерланқызы, Идрисова Айдана Мұхамеджанкызы.
«Тарих» мамандығының 1-2 курс студенттері жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және аз қамтылған отбасылардың балаларына «Қарлығаш» – балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» жобасын ұсынды. «Қарлығаш» – белсенді табысты тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға мүмкіндік беретін интерактивті платформа.
«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған «Startup «Bolashak» - 2018 студенттік байқауының жеңімпаздары ректордың бұйрығымен I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, 1 орынға 100 000 теңге, 2 орынға 70 000 теңге, 3 орынға 50 000 теңге көлеміндегі қолдауға ие болды.
Байқаудың барлық қатысушылары осындай іс-шаралардың жиі өткізілуіне өз тілектерін білдірді. Себебі, аталмыш іс-шара басқа қатысушылардың жұмыстарымен танысуға, ғылыми тұжырымдарын логикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға, өз көзқарастарын дәлелдеуге, коммуниктивтік қабілеттерін дамытуда құнды тәжірибе болды.
Фотогалерея