ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасының бірінші кезең нәтижелері бойынша халықаралық семинар

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің экология және биология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу орталығы/REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 21 мамырында ҚМПУ-базасында жобаның бірінші кезеңінің қорытындылары негізінде, Қостанай облысы бойынша жоспарлы ғылыми экспедиция аяқталғаннан кейін халықаралық семинар өткізілді. Семинар барысында Германия тарапының өкілдерімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ресми ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

ҚМПУ атынан Академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Мусабекова Гульвира Айдарханқызы, интернационалдандыру вице-ректоры, педагогика докторы, Phd докторы, өнер магистрі Сметанова Ева, ЖМФ деканы техникалық ғылымдарының кандидаты Михаил Васильевич Сухов, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Ручкина Галия Адгамовна, ҚМПУ халықаралық бөлімінің маманы Гаус Оксана Александровна және Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің, экология және биология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу орталығы жобалау тобының өкілдер қатысты.

Семинар шеңберінде REKKS – ҚМПУ ЭБМ ҒЗО «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Экология және биология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының директоры, топ жетекшісі профессор, биология ғылымдарының доктор Татьяна Михайловна Брагина және Лейбниц атындағы Ганновер (Германия) университетінің профессоры, доктор Георг Гуггенбергер есеп беру бойынша баяндама жасады.

Пікір таласқа Лейбниц атындағы Ганновер Университетінің Топырақтану Институты PhD Ольга Борисовна Шибистова, ҚМПУ ЭБМ ҒЗО жобалау тобының мүшелері – биология ғылымдарының кандидаты, профессор Брагин Евгений Александрович, биология магистрі, аға оқытушы, Бобренко Марина Александровна, биология магистрі, аға оқытушы Рулева Мария Михайловна және ЖМФ, жаратылыстану кафедрасы жобалау тобының студенттері қатысты.

НИЦ ПЭБ КГПУ/REKKS

НИЦ ПЭБ КГПУ/REKKS

НИЦ ПЭБ КГПУ/REKKS

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасының бірінші кезең нәтижелері бойынша халықаралық семинар