Startup Bolashak: жетістікке жеткізген идея

2018 жылдың 9-10 маусым аралығында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендианттарының Қауымдастығы, MOST бизнес-инкубаторының бастамасымен Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында жастардың бизнес-жобаларына арналған «Startup Bolashak – Менің Арманым» ұлттық байқауының 1/4 ширек финалдық кезеңі өткізілді.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы А.А. Өрсариев, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне қарасты басқару өкілеттілігі бөлімінің бастығы Б. Касымова, MOST бизнес-инкубаторының директоры А. Хамитов, MOST Жас кәсіпкерлер клубы акселерация бағдарламасының үйлестірушісі Д.Бабич және тағы басқалар. Бұл байқауда біздің институмызды «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс студенті танытты. Жетекшісі: шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Жаукина Сәуле Алимовна.

-

Олар «Promoting Kazakh Culture through Comics in English» жобасымен іріктеу турының екі кезеңінен сәтті өтіп, өздерінің бизнес-идеясын Астана қаласында республикалық деңгейде танытуға мүмкіндік алды. Олардың стартап-жобасының менторы - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, облыстық мәслихат депутаты, «Жас Қанат-2006» құс фабрикасының директоры Қайрат Маишев.

Жобаның мақсаты - қазақ ұлттық фольклорлық мазмұндағы еңбектер ағылшын тілінде жарық көрген комикстер журналын даярлап, тарату. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының заманауи ұлттық саясатына, оның ішінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен үштілділік саясатына сай келеді.  

Байқау барысында, яғни 3 күн ішінде сарапшылар стартаперлермен жобалық әрекетке жұмылдыру және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, стартап-жобаларды толықтырып, дамыту, бизнес әлеміне ену және кәсіпкерлік көзқарас қалыптастыру бойынша бірқатар тренингтер өткізуінің арқасында аталмыш жоба Алматы Picture Day жеке компаниясының тарапынан бизнес-ұсынысқа ие болды.

Іс-шараның тренерлері: Арын Өрсариев, Бақтыгүл Қасымова, Алим Хамитов, Динара Бабич және т.б.

Мұндай ауқымды байқаудың өткізілуі жастардың инновациялық әрекетпен айналысуына жағдай жасап, қатысушылардың өз армандарына жетуіне, шығармашылық әлеуеттерін жетілдіруге, өздерінің идеяларымен мемлекетіміздің менторларымен бөлісуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, республикалық байқау аясында кәсіпкерлік дағдылар мен көшбасшылық қабілеттерді жетілдіруге бағытталған кәсіпкерлер, стартаперлер, аймақтақ бизнес-инкубаторлардың жетекшілері мен менторларына арналған «Techstars Community Leader Academy Astana» атты екі күндік интерактивтік семинар өткізілді. Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы, PhD философия докторы Баймухамбетова Ботагоз Шакировна және ғылыми-зерттеу орталығының бастығы Бримжанова Қарлығаш Сериковнаға біздің институтымыздың атынан аталмыш интернативтік семинарға қатысу бақыты бұйырып, Techstars қауымдастығының көшбасшыларымен өзара ынтымақтастық және шығармашылық кеңістік орнатылды.    

Бұл іс-шараның спикері Techstars компаниясының Үнді-Азия стартап-экожүйелері бойынша халықаралық өкілі Үндістаннан келген Anurag Maloo стартап-қауымдастықтарды құру, Techstars Startup Weekend байқауына (ұйымдастыру және өткізу, әдеп кодексінің сақталуы, вертикальді ивенттер, брендинг, энергияны арттыру белсенділігі, топтарды басқару әдістері, іс-шара логистикасы және т.б.), сонымен бірге, стартап-экожүйелері жұмысының әдіснамалық негіздері және олардың даму әдістеріне тоқталды.

Семинар барысында туындаған сауалдар өзара талқыланып, сын-пікір айтылды, ұжымды біріктіру және топтық   мінез қалыптастыру бойынша практикалық іс-шаралар мен тренингтер өткізу мәселелері қарастырылды. Семинар барысында пікір алмасудан бөлек MOST бизнес-инкубаторының директоры А. Хамитов бизнес-инкубаторларды құру, нормативтік-құқықтық базаны даярлау мәселелерін, бизнес-инкубаторларды дамыту жолдары және оларды құру бойынша озық тәжірибелер таныстырылған мастер-класс өткізді. Алим Хамитов нарықтың барлық қатысушылары – стартаперлер, инвестициялық компаниялар, бизнес-қолдаушылар, мемлекет пен корпоративтік сектор үшін маңызды болып табылатын Қазақстанның стартап-экожүйелері картасымен таныстырды. Даярланған картада жобаның идеядан бастап, қаржыландырылуына дейінгі толыққанды даму кезеңдері көрсетілген. Сонымен қатар, жобаның әрбір кезеңінде оның дамуы үшін қажетті қорлар тізімі келтірілген. Аталмыш карта мемлекетіміздегі стартап-экожүйелердің дамуының бастапқы кезеңі болып саналады. Карта қазіргі кезеңдегі технологиялық кәсіпкерліктің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Институтымызда өткізілген «Startup «Bolashak» студенттік стартап-жобалар байқауы Қазақстанның стартап-экожүйелері картасына енгізілгені біз үшін мақтанарлық жайт.

Қатысушылар аталмыш іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгендігін атап, бизнес-инкубаторлар жетекшілерінің кездесуін жиі ұйымдастыру ұсынысын жеткізді. Мұндай мазмұндағы іс-шаралар кәсіби білімдерді жетілдіріп, серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады.

Іс-шараның ұйымдастырушыларына шексіз алғыс пен ризашылығымызды білдіреміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз