Рухани жаңғыру Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негізгі факторы ретінде

2018 жылы 26 қазанда Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасымен және «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негізгі факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оның басты міндеттері келесідей болды:

  • Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының негізгі басымдықлықтарын, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және насихаттау;
  • қоғамдық сана шеңберінде елдің мемлекеттік саясатын қолдау деңгейін көтеру;
  • ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және ғылыми әлеуметті жұмылдыру арқылы қазақстандық патриотизмді нығайту.

Аталған іс-шараның модераторы PhD докторы, ҚМПУ қауымдастырылған профессоры, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы басшысы Аманжол Аскарович Ташетов. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар белсенді түрде өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, пікірталас жүргізді.

Дөңгелек үстелдің материалдары «Рухани жаңғыру Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамуының негізгі факторы ретінде» ғылыми-тәжірибелік коференциясының жинағында жарияланатын болады.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Рухани жаңғыру Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының негізгі факторы ретінде