«Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (II кезең)
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2018
2018 жылы 6 желтоқсанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Қостанай қ.) ЮНЕСКО-ның бастамасымен тұрақты дамудағы білім беруде ЮНЕСКО-ның Жаһандық программасы ретінде көпжылдық келісімнің жалғасы болып табылатын «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның 2-кезеңі өткізілді.
Ұйымдастыру комитетінің құрамына Білім мен мәдениет (ЮНЕСКО) мәселелері бойынша БҰҰ-ның үкіметаралық ұйымы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық ассамблеясы, ЮНЕСКО үздіксіз білім беру институты (Германия), Гонконг білім беру институтындағы ЮНЕСКО-ЮНЕВОК орталығы (Гонконг), Қазан федералды университеті және т.б. кірді.
Конференция үздіксіз білім берудегі ғылыми ізденіс нәтижелерінінің өзекті мәселелерін қорыту мен тарату мақсатында өткізілді.
Пленарлық отырыстың ашылуы ҚМПУ-дың ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Медетов Нұрлан Әмірұлы мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жылбаев Жанбол Октябрұлының құттықтау сөздерінен басталды. Пленарлық отырыстың жұмыс барысында ҚМПУ-дың академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мұсабекова Гульвира Айдарханқызы «Педагогикалық білімді модернизациялау контекстінде ЖОО-ны қайта құру моделі» атты баяндамасын конференция қатысушыларының назарына ұсынды. Конференцияның шақырылған қонағы, ағылшын тілінің маманы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің English Language Fellow бағдарламасының қатысушысы Фати Томпсон «Үштілділікті енгізуде ағылшын тіліндегі ресурстарды қолдану» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар пленарлық отырысқа Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ-тің білім беру және балалар құқығын қорғауға арналған бағдарламалардың ұйымдастырушысы Адерихина Татьяна (Қазақстан, Астана), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Култуманова Алмагүл Жабатайқызы (Қазақстан, Астана), «Снейл» қосымша білім беру орталығы» білім беру мекемесінің бас директоры Нацкевич Юлия Александровна (Ресей, Омск), Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Хамзина Аягөз Орынбайқызы (Қазақстан, Орал), Дүниежүзілік банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмысқа ынталандыру» жобасының негізгі сарапшысы Кусиденова Гүлнар Кундаковна (Қазақстан, Астана) және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры Слесарь Марионелла Васильевна (Қостанай, Қазақстан) қатысты.
Конференцияға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің серіктесі Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің (Ресей, Мәскеу облысы, Орехово-Зуево қ.) өкілдері қатысты. Скударёва Галина Николаевна, педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент «Педагогикалық үздіксіз білім беру: жаңа мағыналар мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында және Носкова Наталья Викторовна, п.ғ.к., педагогика кафедрасының доценті «Педагогикалық білім берудің жаңа мағыналары» тақырыбында баяндама жасады .
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің сын-тегеуріндері
- Өмір бойы оқу контексіндегі көптілді білім беру
- 21 ғасырдағы ақпараттық-білім беру ресурстары: үздіксіз білім беруге арналған жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Республикалық ведомстволарға бағынысты ұйымдар, облыстық білім беру бөлімдері мен Астана қаласының білім беру бөлімі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттары, колледж оқытушылары мен Алтынсарин, Қостанай аудандарының мектеп мұғалімдері, шетелдік сарапшылар қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.
Барлық қатысушыларға конференцияға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Фотогалерея