Сапалы білімнің ізімен...

2019 жылы 11 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті қабырғасында жоғары оқу орнымыздың оқытушылары мен студенттеріне арналған брифинг болып өтті. Бұл брифингке «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Бәсекелестік рәсімдерін ұйымдастыру департаментінің менеджері Г. Тоқпаева қатысты. Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді таңдау ережелері талқыланды. Одан бөлек, үкіметаралық гранттар, сонымен бірге шет елдік серіктес жоғары оқу орындарының гранттарына ие болу талаптары қарастырылды.

Аудиторияның назарына халықаралық білім берудің артықшылықтары ұсынылды:

  • жоғары сапа;
  • дипломның бүкіл әлемде танылуы;
  • шетел тілін терең меңгеру;
  • шет елде тағылымдамалардан өту мүмкіндігі;
  • еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу;
  • халықаралық байланыстар;
  • оқып жүрген елдің мәдениетімен танысу.

Сонымен қатар департамент менеджері бағдарламаға қатысуға тек қана жоғары оқу орнының түлегінің ғана емес, бакалавриат, магистратураның дипломына ие профессор-оқытушылар құрамы қызметкерінің де мүмкіндігі бар екендігін айтты. Ғылыми атағы бар тұлғалар да өз мамандығы бойынша шетелде тағылымдамадан өте алады.

Халықаралық стипендияны тағайындау байқауының кезеңдері:

  • 1-кезең – ынталандыру және ұсыну хаттарын таңдау;
  • 2-кезең – шетел тілін меңгеру деңгейін тестілеу;
  • 3-кезең – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тестілеу;
  • 4-кезең – кешенді тестілеу;
  • 5-кезең – Тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу;
  • 6-кезең – Шетелде кадрлар дайындау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі. Шығарылған шешімнің нәтижесінде байқаудың барлық кезеңдерін сәтті аяқтаған үміткермен келісім-шарт жасалады.

Азия және Еуропа елдерінің жоғары оқу орындарына түсуге қажетті құжаттар пакеті, артықшылығы бар топтар, стипендияларды тағайындау байқауының кезеңдері, оқуға бөлінген қаражатты қайтару тәртібі және т.б. сұрақтар студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз