«Сұтанғазин оқулары» I халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 18 мая 2019
2019 жылы 17-18 мамырда Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚМПУ-дың 80 жылдығына және университетке физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Сұлтанғазин оқулары» бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы болып өтті.
Конференцияның мәселелер алаңы келесі бағыттарды қамтыды:
- Білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселелер.
- Кадрларды даярлаудың ғылыми әлеуетін арттыру.
- Қоғамның дамуы және «Мәңгілік ел» бағдарламасының негізгі принциптерін жүзеге асыру.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті 111 қатысушының өтініштерін қабылдап, 85 баяндама ұсынды. Конференцияға түрлі мамандықтар бойынша ғалымдар, университеттер мен колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері және студенттер қатысты. Конференция жұмысына 25-тен астам мекемеден, атап айтқанды, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Саратов, Ресей Федерациясы), Ресей мемлекеттік кәсіби педагогикалық университетінің филиалы (Төменгі Тагил, Ресей), «БІЗ – РЕСЕЙЛІКТЕР» Ресей халқының жастар ассамблеясы» Бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы аймақтық бөлімі (Омбы, Ресей федерациясы), Мемлекеттік әлеуметтік университеті (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Бүкілресейлік балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институтының Азов-Қара теңіз бөлімшесі (Дондағы Ростов, Ресей Федерациясы), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы (Қазақстан), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, акад. З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті (Қостанай, Қазақстан), Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті (Павлодар, Қазақстан), Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті (Семей, Қазақстан), «Рудный индустриалдық институты» ШЖҚ РМК (Рудный, Қазақстан), Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» БАҰО» АҚ филиалы (Қостанай, Қазақстан), Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» ПҚ БАИ» БАҰО» АҚ филиалы (Көкшетау, Қазақстан), Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі (Арқалық, Қазақстан), Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі (Қостанай, Қазақстан), Қостанай педагогикалық колледжі (Қостанай, Қазақстан), Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі (Қостанай, Қазақстан), ЖМ «Колледж Зерек» (Қостанай, Қазақстан), Қостанай құрылыс-техникалық колледжі (Қостанай, Қазақстан), Қостанай политехникалық колледжі (Қостанай, Қазақстан), «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математика лицейі» ММ (Қостанай, Қазақстан), Қазақстан агротехникалық Колледж (Қарабалық, Қазақстан) қатысушылар келді.
Бірінші «Білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселелер» секциясының жұмысында конференция қатысушылары білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері, болашақ мамандардың оқу дербестігін дамыту, кәсіптік практика жағдайында болашақ мұғалімді қалыптастыру барысында құзыреттілік ыңғайды жүзеге асыру, педагогикалық колледждер студенттерінің тәрбиелік әлеуетін арттыру және т.б. тақырыптарды талқылады.
Екінші «Кадрларды дайындаудың ғылыми әлеуетін арттыру» секциясының аясында компьютерлік технологиялар білім беру және ғылыми қызметті интеграциялау құралы ретінде, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің кейбір нәтижелері қарастырылды, мысалы Қостанай облысындағы омыртқалы жануарлардың соңғы жүзжылдық ішіндегі фауналық құрамының өзгеруі, Қостанай облысының тың далаларындағы топырақ омыртқасыздары қауымдастығының құрамы мен құрылымына климаттық факторлардың әсері, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының су қоймалары ихтиофаунасының биологиялық алуантүрлілігі, Қостанай қаласы табиғи суларын ауыр металлдардың бар болуына тексерудің физика-химиялық әдістері және т.б.
Үшінші секцияда ұсынылған баяндамалар білім беру жүйесінің дамуы мен кадрларды даярлаудың ғылыми әлеуетін арттыру туралы, сондай-ақ қоғамның дамуы мен «Мәңгілік Ел» бағдарламасының негізгі принциптерін жүзеге асырылуы туралы құнды ақпарат қамтыды.
Секциялар жұмысында 19 баяндама тыңдалды. «Сұлтанғазин оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары жинағында 85 мақала жарық көрді. (Қостанай, 17 мамыр 2019 ж. – Қостанай, 2019). Конференция жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарымен қамтамасыз етілді. Келесі «Сұлтанғазин оқулары» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу туралы ұсыныс қабылданды.
Конференция қатысушылары конференцияның барлық іс-шараларын сәтті өткізгені үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығына және ұжымына ризашылығын білдіреді.
Конференция ұйымдастыру комитеті барлық спикерлер мен қатысушыларға мазмұнды пікірталастар мен тиімді шешімдер үшін алғыстарын білдіреді және гүлдену мен тұрақтылық тілейді.