ҚМПУ-дегі тәлімгерлік жоба
ҚМПУ – да 2017-18 оқу жылынан бастап университеттің тәжірибелі мамандарымен (тәлімгерлер, менторлар) жас оқытушылардың арасында ынтымақтастықтың үлгісі ретінде менторлық жоба жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты-жас оқытушыларға олардың кәсіби қалыптасу кезеңінде ғылыми-әдістемелік, психологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсету.
Жобаның міндеттері:
- жас оқытушылардың бейімделу кезеңінің қысқаруына байланысты қызметтің тиімділігін арттыру;
- жас оқытушыларға көмек көрсету және оларды кәсіби шеберлікке үйрету;
- жас мамандардың ұжымға кіруі, олардың корпоративтік мәдениетті игеруі және ұзақ уақыт жұмыс істеуі.
2018-2019 оқу жылындағы жобаның негізгі іс-шарасы - жас оқытушылардың тәлімгерлермен бірлескен жұмысының нәтижелері.