Қостанай облысының ақпараттық-түсіндіру тобы басшылары мен мүшелерінің слеті
- Подробности
- Опубликовано: 14 октября 2016
2016 жылғы 14 қазанда ҚМПИ мәжіліс залында Қостанай облысы қалалары мен аудандары жоо, колледждерінің ақпараттық-түсіндіру топ басшылары мен мүшелерінің облыстық слеті өтті. Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының бастығы Н.К.Нугурбеков АНТ-ның 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен 2017 жылға арналған міндеттер жайлы баяндама оқып, Дінтану орталығы – ҚМПИ АТТ қызметіне ерекше тоқталып өтті. Конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қосқан сүбелі үлестері үшін, ҚМПИ АТТ мүшелері Д.Әбенов, К.Әбілмәліков және Ғ.Шаймерден Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.