Астана қаласында өткен халықаралық дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 01 февраля 2017
2017 жылғы 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Астана қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» Акционерлік қоғамының Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламаларының Кеңсесі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырған «Құқық қорғау органдарының экстремизм, радикализм мен терроримзге қарсы әлеуетін күшейту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден қатысты.
Аталған іс-шара барысында халықаралық терроризммен күрес жүйесін қалыптастыру, экстремизмнің алдын алу және құқықтық реттеу мәселелері, экстремизм мен терроризмге әкелетін халықты радикализациялау нышандарын анықтау практикасы мен тәжірибе алмасу; халықтың осал топтарын радикализациялауға қарсы іс-әрекет және жою жолдарын талқылау мәселелері сөз болды. Дөңгелек үстел отырысына Ұлыбритания, Австрия, Германия, Ресей, Азербайжан, Тәжікстан мемлекеттерінің жетекші сарапшылары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік орган, саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар, отандық ғылыми-академиялық және сарапшылық-талдамалық қауымдастық өкілдері, құқық қорғау органы, азаматтық қоғам, БАҚ өкілдері қатысты.