Лаңкестік қауіптердің алдын-алу
- Подробности
- Опубликовано: 16 марта 2018
2018 жылдың 16 наурызында ҚМПУ-де Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының департаментінің қызметкері А.С. Ахметов ҚМПУ қызметкерлеріне, оқытушылары мен студенттеріне арнап дәріс оқыды.
Дәрістің тақырыбы: «Терроризмге ұшыраған жерлерде лаңкестік қауіптердің алдын алу». Дәріс барысында «Лаңкестік» термині туралы ұғымы түсіндірілді. Стратегиялық маңызы бар аса маңызды экономикалық салалардың, қауіпті өндірістік объектілердің, халықты жаппай кептелу объектілерінің стратегиялық, мемлекеттік объектілері терроризмге осал болып табылатындығы туралы толық ақпарат берілді.Террористік қауіп-қатердің деңгейлері белгіленген кездегі тұрғындардың әрекет ету тәртібі бойынша ұсыныстарына- шекті «қызыл», жоғары «қызғылт сары» және бірқалыпты «сары» ерекше назар аударылды. Дәріс барысында жарылғыш құрылғыларды анықтаудағы азаматтардың қырағылығын арттыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
Қорытындылай келе, дәріскер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм актісін болдырмауға немесе жолын кесуге көмектескен тұлғаларға уәкілетті орган 750-ден 1000-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы төлейді деп мәлімдеді.