«Қош келдің, Әз Наурыз!»

Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі – Наурыз мерекесі астықты алқаптың төрінде де тойланды. Орталық алаңға алты қанат ақ орда киіз үйлер тігіліп, наурыз көже сапырылып, қаумалаған қауым құшақтасып, құттықтап, бір-біріне ақжарма ақ тілектерін жаудырды.

Сол думанда қара шаңырақ Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты да жиналған жамағатты керемет киіз үйімен, тіл үйірер дәмімен, өресі биік өнерпаздарымен таңдандыра білді. Мерекеге жиналған қауым ҚМПИ киіз үйнен дәм татып, Наурыз көжеден ауыз тиіп, өнерпаз студенттер мен оқытушылардың өнерін тамашалап, бір марқайып қайтты. Думанға думан қосып, келген қонақтарды ҚМПИ ректоры Еркін Аманжолұлы өзі қарсы алып, құттықтады. Әз мейрамның әдемілігін тамашалап, құтты қонақ болып Қостанай қаласының әкімі Жақыпов Базыл Шамұханұлымен қатар, бірқатар мәртебелі меймандар ҚМПИ киіз үйіне ат басын бұрып, сәні мен салты үйлескен берекелі орда деп оң бағасын беріп кетті. Құрметті қонақтардың қатарында Беркенова Әсия Әйіпқызы, Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, Серікбай Оспанов, Кенжебек Үкин, Аманжол Күзембайұлы сынды қазақ елінің біртуар азамат-азаматшалары, еліміздің белгілі тұлғалары бой көрсетті. Сонымен қатар, ҚМПИ ардагерлеріне де ерекше сый-сияпат көрсетілді. Мейрам соңы көз тартып, көңіл баурар концертке ұласып, жұртшылық көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз