Әдістемелік семинар

19.02.15

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ педагогикалық шеберлік орталығында оқу қорытындысы бойынша жаратылыстану кафедрасында «НЗМ» ААҚ педагогикалық шеберлігі орталығымен және Кембридж университетінің білім Факультетімен бірлесе құрастырылған Халықаралық білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне енгізу түрлері және талқылау» атты әдістемелік семинар өтті.

Жаратылыстану кафедрасының оқытушылары өз ой-пікірлерімен бөлісіп биологиялық блогындағы пәндерінің сабақтарын өткізілу барысында жаңа технологияларды қолдануында: оқуда басқару және көшбасшылық, сыни ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, ЖКТ білім беруде және оқытуда қолдану, дарынды және талантты балалрды оқыту жайында әңгімеледі.

Таурбаева Г.О., х.ғ.к., өзінің баяндамасында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын сабақтарда қалай қолданатыны туралы айтты. Оқытушы сын тұрғысынан ойлау бұл бақылау, тәжірібе, толғану және пайымдау нәтіжесінде алынған ақпаратты ұғыны, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс, ол әрекей жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін екендігі туралы айтты. Сын тұрғысынан ойлау бақылау және тыңдау арқылы дәлелдемелерді алу, шешім қабылдау үшін сәйкес критерийлерді пайдалану дағдыларын дамытуды көздейді, мысал ретінде Таурбаева Г.О. осы технологияны «Периодтық жүйе элементтері химиясы» пәні сабақтарында қолдану мысалы келтірді.

19.02.15

ЖКТ сабақтарда пайдалануы жайында кафедраның аға-оқытушысы Демесенов Бейбіт Мерекеевич бөлісті. «Химия», «Биология» және «География» мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып сабақтарда бағдарламаның жеке модульдерін қолдануы жайында нақты үлгілер презентацияларда бейнеленіп көрсетілді.

Аталған оқыту технологияларды қолдануының оқу үдерісінің тиімділігін жоғарлатуда практикалық маңыздылығы мен жаңашылдығын атап өтті.
Әдістемелік семинар қорытындысы бойынша: халықаралық білім беру бағдарламасының білім беру үдерісіне енгізілуіне және ҚМПИ ғылыми және әдістемелік потенциалын ескере отырып, НЗМ, инновациялық мектептерімен және де басқа қала мен облыс білім мекемелерімен қызмет етіп, олардың базаларында оқытуды апробациялауға және дамытуға шешім қабылданды.

Ищанова Р.С. үздіксіз педагогикалық білім беру мәселесі
ғылыми-зерттеу орталығының бастығы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Әдістемелік семинар