Ауылдық шағын комплекті мектеппен

-

-Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы 2012 жылдан бастап Қостанай ауданы Жамбыл шағын комплекті мектебімен тығыз байланыс жасайды: педагогикалық байланыс жайында келісім-шарт жасалған, бірігіп жоспар құрылған. Жоспар бойынша кафедра оқытушылары мұғалімдерге оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда нақты әдістемелік көмек көрсетеді: орыс тілі мен әдебиетті оқытуда жекеше кеңес өткізеді, шағын комплекті мектеп проблемаларына байланысты мектепке барып семинар, тренинг, шебер-класс өткізеді; апталық аясында бірігіп іс-шаралар өткізеді. Мектеп мұғалімдері «Инновационные технологии в обучении русскому языку» атты әдістемелік семинарға белсенді қатысты.

«Создание учебного видеофильма как способ активизации работы учащихся на уроках литературы» атты тақырыпта жасаған баяндамасы зор қызығушылық туғызды.

Мұғалімдер аға оқытушы Арсаева С.Б. «Специфика изучения казахской литературы в вузе и школе» атты баяндамасында қарастырылған мәселелердің маңызы зор екенің атап өтті. Семинарға қатысушылар үздіксіз педагогикалық білім беру мәселесі ғылыми-зерттеу орталығының бастығы Ищанова Р.С. оқушылар сауаттылығын сын тұрғысынан ойлау бойынша дамытуға жүргізген шебер-класына белсенді қатысып, осы технологияның қажеттілігін көрсетті.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Ауылдық шағын комплекті мектеппен