2016-2017 оқу жылының бірінші жартысындағы кафедралардың әдістемелік жұмыстары туралы
- Подробности
- Опубликовано: 16 января 2017
2016-2017 оқу жылының бірінші жартысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы, дене шынықтыру, спорт және туризм оқу-тәрбие орталығының әдістемелік апталықтары өтті. Дене шынықтыру, спорт және туризм оқу-тәрбие орталығы әдістемелік апталығы аясында аға оқытушылар Агеева С.В., Жумабаев А.Н., Досмухамедова М.М. 3 ашық сабақ, өткізді. ҚМПИ 1 курс студенттерінің ЖҚТБ Орталығының өкілдері Жалбирова А.Т. және Койшигулова А.Ж. кездесті, Қостанай қаласы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері және дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті оқытушыларының қатысуымен «Оқушылардың физикалық денсаулығының мониторингі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Дене шынықтыру, спорт және туризм кафедрасы әдістемелік апталығының бағдарламасы бойынша дәріс (Панияз А.П.), практикалық сабақ (Ибраева Р.Ж.), «Анатомия, спорттық морфология негіздері» пәні бойынша анатомиялық брейн-ринг түрінде лаборатриялық сабақ (Егорова А.М. және Плетнева А.Г.), «Дене шынықтыру және спорт», «Туризм» мамандықтарының студенттерімен тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Кафедраның аға оқытушысы, Қостанай облысының пауэрлифтинг, бодибилдинг, фитнес федерациясының директоры Шилов И.А. апталық аясында Рудный қаласының «Ұмай» спорттық кешенінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қыздар, жасөспірімдер, ерлер және ардагерлер арасында жатып штанга көтеруден Қостанай облысы чемпионатын өткізді, біздің студенттер төрешілік жасап, спорттық біліктіліктің жоғары дәрежесін танытты.
Кафедра профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Карбенова З.У. және Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасының доценті Евдокимова О.Н. «Толеранттылық – Мәңгілік ел құндылықтарының негізі» тақырыбында ізденіс-ойынын өткізді. Іс-шара мақсаты тұлғаралық өзара ынтымақтастыққа баулу, студенттердің кәсіби әрекеттері бойынша меңгерген білім, біліктіліктерін өмірдің сан қилы жағдайларында қолдануға үйрету. Іс-шара барысында толеранттылық және интолеранттылық туралы және қоғамдағы интолерантты мінез-құлықтың көрініс табуы жөнінде сөз қозғалды. Іс-шараның өткізілу түрі тек студенттер үшін ғана емес, іс-шараның белсенді қатысушыларына айналған оқытушылардың да назарын аударды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отаным деп жар салам» атты көркемсөз оқу байқауына «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші және төртінші курс студенттері, М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары қатысты. Қостанайлық ақын, «Ковчег» әдеби бірлестігінің мүшесі Демидович Е.В. байқауда әділқазылар алқаларының төрағасы болды. Әдеби іс-шараның ұйымдастырушылары кафедра оқытушылары Мустакимова Г.В және Коваль О.В.
Кафедраның әдістемелік апталығы аясында дәстүрлі түрде өткізілетін әдістемелік семинар биыл «мектеп-ЖОО: өзара әрекеттестік мәселелері және болашағы» тақырыбына арналды. Семинар жұмысына № 7 ОМ, НЗМ, Горький атындағы мектеп-гимназиясы, № 2 мектеп-лицейі, № 8 ОМ, № 1 мектеп-гимназиясы мұғалімдері және кафедра оқытушылары қатысты. Семинарға қатысушылар мұғалімнің практикалық қызметіне теориялық білімнің лайықтылық мәселелерін, білім берудің жаңа жүйесіне көшу жағдайында практикаларды ұйымдастыру және мектеп пен ЖОО өзара әрекеттестік жасаудың жаңа түрлерін қарастырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы әдістемелік апталығының бағдарламасына сәйкес екі ашық сабақ өткізілді. Қазақ және орыс филологиясы факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Есіркепова К.Қ., сабағы «Концепт және оның түрлері» тақырыбына арналды, кафедраның аға оқытушысы Есенғазина Б.Б. ашық семинар сабағын өткізді. Философия, логика, әлеуметтану және этнолингвистика мәселеллерін қамтыған дәріс танымдылық сипат алды. Оқытушылардың қолданылған заманауи әдістер мен тәсілдері арқылы студенттерді белсенділік танытты. Есенғазина Б.Б. топтық жұмыстарды ұйымдастырды, сабақ барысында студенттер тек теориялық білімдермен қатар, практикалық біліктіліктерін танытты.
«Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кием» тақырыбында өткізілген көркемсөз оқуларының байқауына 3 курс студенттері қатысты. Қатысушылар қазақ классиктерінің поэзия жәнге прозаларынан үзінділер оқыды. Студенттер көркемсөзді мәнерлеп оқуда және драмалық шығармалардың кейіпкерлерін сомдауда шеберліктерін аңғартты. Студенттер белсенді қатысатын жыл сайын өткізілетін бұл дәстүрлі іс-шараның ұйымдастырушылары, кафедраның аға оқытушылары А.К. Абдрашева, Г.А. Сейсембай, С.Б. Ерманова.
Кафедралардың әдістемелік апталықтары мен апталықтар аясында өткен әдістемелік семинарларымен қатар, шетел тілдері, өнер, физика-математикалық және жалпы техникалық пәндер, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, Қазақстан тарихы кафедраларында әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, онлайн конференциялар өткізілді. 2016 жылдың 9 желтоқсанында шетел тілдері кафедрасында арнайы және инклюзивті білім саласына қатысты Роухемптон Университетінің (Ұлыбритания) магистрі Карсакпаева Мадинаның қатысуымен халықаралық вебинар өтті. Вебинар тақырыбы - «Inclusion as the way to globalised education».
Вебинарға шетел тілдері кафедрасының оқытушылары және 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. 2016 жылдың 30 қарашасында өнер кафедрасы әқалалық жалпы білім беретін мектептердің ән-күй, бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерінің қатысуымен «Білім беруді жандандару жағдайында оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Әдістемелік семинарға № 1, 3, 8, 9, 16, 17, 18, 19, 20, 22 жалпы білім беретін мектептердің, Горький атындағы гимназияның мұғалімдері және кафедра оқытушылары қатысты. ФМЛ оқушылары, ҚМУ, ҚИнЭУ; НЗМ өкілдерінің қатысуымен жаратылыстану-математикалық факультетінің физика-математикалық және жалпы техникалық пәндер кафедрасы «Білім ортасы «Технология» және «Робот жасау техникасы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел отырысы барысында ЖОО-да, физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, қала мектептерінде және қалалық техникалық шығармашылық мектебінде робот жасау техникасының меңгертілуі бойынша тәжірибе алмастырылды.
Психология-педагогика факультетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы Оңтүстік Қазақстанның мемлекеттік педагогикалық институмен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы білім беруді жандандыру жағдайында кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған республикалық онлайн-конференция өткізді. 2016-2017 оқу жылының бірінші жартыжылдығының іс-шаралары мазмұнды болды.