Оқытушылар арасындағы әлеуметтік сауалнама
- Подробности
- Опубликовано: 23 января 2017
2017 жылдың 13 қаңтарында-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Н.И. Тасмағамбетовтың қатысуымен педагогтың кәсіби стандартының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кеңес және мастер-класс өткізілген болатын. Осыған байланысты, ЖОО-ның бірі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында білім берудің барлық деңгейлері, барлық типтегі білім беру ұйымдарының мақсатында, базалық ұйымдар үшін және педагогтар арасында әлеуметтік сауалнамалар жарияланады. Олар:
- педагогтың кәсіби стандартының рөлін және тағайындауын анықтау, мәнін түсіну;
- кәсіби стандарттың біліктілік деңгейіне сәйкес, педагогтардың өзін-өзі сынамалы бағалау.
Аталған ЖОО-да 28 адамнан топ құрылып, олар төмендегі жұмыстар бойынша істер атқарылды.
- педагогтар арасында түсіндіру және әлеуметтік жұмыстарын жүргізді.
- бастапқы материалдарды жинау;
- деректерді өңдеу;
- әлеуметтік сауалнамалар бойынша қорыту деректері;
- әлеуметтік сауалнамалар қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындау;
ЖОО-ның оқытушыларында, колледж,, мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында 2017 жылдың 20.01. - 23.01.күндер аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында сауалнамалар жүргізілді. Тест тапсырушылардың ауқымды мөлшері өте көп болды. Сауалнама 22 колледж оқытушыларына, Қостанай,Рудный қалаларының, Қостанай, Таран, сондай-ақ, Алтынсарин ауданы мектеп мұғалімдері арасында жүргізілді. Сауалнамаға 1476 респондент қатысты.
Әлеуметтік сауалнамалардың материалдарын тапсыру және рәсімдеп жинау 3 кезеңнен тұрды:
- сауалнама толтыру (№1,№2), ҚР БҒМ жоғары және оқу орнынан кейінгі білім департаментіне құжаттарды жүйелеп, қағаз тасығышта түпнұсқаларын дайындау.
- Ұсынылған дескриптор бойынша технологиялық карталарды өңдеу;
- Технологиялық карталарды электрондық түрде ҚР БҒМ жоғары және оқу орнынан кейінгі білім департаментіне жіберу.