«Шетелдік жоғары оқу орындарында халықаралық білім беру бағдарламасының ерекшелігі»

14.01.15-sem 1

2014 жылы педагогика, шетел тілі, жаратылыстану ғылымдары және физика-математика мен қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің «Өрлеу» АҚ БАҰО филиалының кестесіне сәйкес Ньюкасл каласында (Ұлыбритания) Ньюкасл университеті базасында және Дюссельдорф (Германия) қаласында Халықаралық менеджмент және технология академиясының базасында біліктілікті көтеру курсынан өтті.

Курстың негізгі мақсаты – педагогикалық мамандықтағы оқытушылардың еліміздің жоғары білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетін көтеру үшін оқыту мен білім берудің қазіргі технологиялары аумағында біліктілігін көтеру. Шетелдік тағылымдама қорытындысы бойынша 2015 жылы 14 қаңтарда институт оқытушыларына арналған «Шетелдік жоғары оқу орындарында халықаралық білім беру бағдарламасының ерекшелігі» әдістемелік семинар өтті.

Оқу және әдістемелік жұмыстар бойынша проректор М.Ә.Төлеген шетелдік жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас жасау жоғары оқу орындарында білім беру жүйесінің ерекшеліктерін үйренуге және институт пен шетелде оқыту деңгейін салыстыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Семинар барысында оқытушылар оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолданудағы өз тәжірибелерімен бөлісті, өздерінің презентацияларын көрсетті.

П.ғ.к. Кудрицкая М.И., шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Подавец О.Д. оқытушыларды Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің білім беру жүйесімен таныстырды. Ньюкасл университетінде біліктілікті көтеру курсы кезінде алған ақпараттар бүгін «Шетел тілін оқыту әдістемесінде» қолдануда. Шетел тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Исмагулова Г.К дайындаған «Ғылыми-зерттеу қызметіне кіріспе» элективті курсы студенттерді ғылыми-зерттеу қызметінің теориясы және практикасымен танысуға мүмкіндік береді, өзіндік танымын қалыптастырады және оларды таным әдістерімен қаруландырады. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Демесенов Б.М. интерактивті сабақтарда "ELTHE" технологиялық курстарының еңгізілгені туралы хабарлаған болатын.

INTAMT - Германияда орналасқан ДМД мемлекеттері арасындағы тәжірибие алмасу мен әдістемелік көмек корсететін біліктілікті артыру мен оқыту мекемесі болып табылады. Дюссельдорф қаласындағы халықаралық менеджмент академиясында тәжірибиеден өтіп келген педагогика кафедрасы аға оқытушысы Шалгимбекова А.Б. өзінің қызықты презентациясындаГерманиядағы білім беру жүйесі, Германиядағы машықтанудан өту барысында ЖОО практикалық-бағытталған оқу үрдісін әңгәмелеген болатын. Бұл біліктілікті көтеру курсы оқытушылардың кәсіби өсуіне үлкен мүмкіндік ашты, оқу үдерісінде жаңа білім беру технологиясын қолдануға қызығушылығын арттырды, дүниетанымын кеңейту мен тәжірибе алмасуға жағдай жасады.

 

14.01.15-sem 414.01.15-sem 214.01.15-sem 3

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс «Шетелдік жоғары оқу орындарында халықаралық білім беру бағдарламасының ерекшелігі»