«Академиялық ұтқырлық» бойынша селекторлық мәжіліс
- Подробности
- Опубликовано: 09 сентября 2014
2014 жылдың 9 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалыцқ институты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша аймақтық жиынға қатысты. Жиын ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығы. Сонымен қатар бұл жиынға ұлттық және аймақтық жоғары білім беру орталықтарының өкілдері ат салысты. Институт атынан оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Төлеген М.Ә. сөз сөйледі.
Аймақтық жиын он-лайн видеоконференция түрінде өткізілді. Қатысушылар білім беру саласына қатысты көптеген сұрақтар мен ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту қажеттігін талқылады. Өткізілген конференцияның басты тақырыптарының бірі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының тығыз қарым-қатынас орнатуын дамыту. Өзге де маңызды сұрақтардың бірі – шет елдегі оқу семестрінің ұзақтығын анықтау, оқылған пәндерге ақы төлеу және оқылған пәндерді Қазақстанда есепке алу мәселелері болды. Жиын қорытындысы бойынша қазақстандық және шетелдік жоғары білім беру орындарын дамыту және ынтымақтастықты тереңдету қажеттігі туралы келісім орнатылды.