Академиялық ұтқырлық АҚШ-та

mobil usa 2014

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Кент мемлекеттік университеті арасында (Огайо штаты, АҚШ) 2014 жылдың мамыр айында келісім-шарт жасалынды. Осы бағдарлама бойынша Кент мемлекеттік университетінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шет тілдері факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Унгутбаева Айша Сеиткалиевна бір семестр бойы білім алуда.

ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Төлеген М.Ә.: біздің студентіміздің АҚШ-тың беделді университетіне оқуға түсушілердің арасында ең жоғары балл алуы қуанышты жағдай. Жапония, Индонезия, Қытай, Сауд Аравия, Үндістан студенттерінің арасынан үздік нәтиже көрсетті. ҚМПИ ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаевтың қолдауымен жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясы кеңейе түседі. Соңғы үш жыл ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 79 студент білім алып шықты: ішкі ұтқырлық – 59 студент, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша – 20 студент. Біздің студенттеріміз өз білімдерін шетелдерде тек қана «өте жақсы» деген бағаға дәлелдейтіні қуантады.

usa 2014

Унгутбаева Айша оқытудың бірінші модулін оқып жүрген кезде ағылшын тілінен үздік нәтиже көрсетіп, деңгейдің ең жоғары сатысына көтерілді (advanced). Айша түрлі волонтерлік бағдарламалар, шетелдік студенттер қатысуымен өткізілетін конференцияларға белсене қатысады. Елінің нағыз патриоты есебінде өз тұсаукесерінде өз Отаны – Қазақстан туралы айтып, бұдан соң барлығы да біздің еліміз туралы көбірек білуге ынта танытты. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы одан әрі дами түседі».

Осыған байланысты біз Унгутбаева Айшамен хабарластық (АҚШ): Кент мемлекеттік университетінде әлемнің әр түрлі елдерінен 27,500-ға жуық студенттер білім алуда. Кент мемлекеттік университетіне бір семестр бойы оқуға мүмкіндік туғаны мен үшін үлкен абырой. Америкада оқу өте қызықты. "Englishasasecondlanguage" бөлімінің директоры сабақтарымызға қатысады. Менімен бірге Сауд Аравия, Жапония, Қытай, Йемен мен Бразилиядан келген студенттер оқиды. Мұғалімдердің барлығы да жақсы, сабақтар өте қызықты өтеді. Мен Кент мемлекеттік университетінде сыртқы академиялық ұтқырдық бағдарламасы бойынша оқып, ағылшын тілін одан әрі меңгеріп, саяхат жасап, түрлі елдерден жаңа достарды тауып алғаныма қатты қуаныштымын. Мен ҚМПИ ректоры Қуат Маратұлына осындай беделді жоғары оқу орныда оқуға мүмкіндік бергені үшін рахмет айтқым келеді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Академиялық ұтқырлық АҚШ-та