«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі - 2017»
- Подробности
- Опубликовано: 27 апреля 2017
2016 жылдың 27 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылы оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге төрт қалалық және 14 аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері, мектепке дейінгі мекемелердің директорлары мен әдіскерлері, Ақмола облысы Жақсы ауданының өкілдері қатысты. Жәрмеңке бағдарламасы бойынша алғы сөз институттың оқу-әдістемелік басқармасының бастығы Кифик Наталья Юрьевнаға берілді. Жәрмеңке барысында Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының персоналды басқару қызметінің әдіскері Есмагамбетова Гульбану Ермековна сөз сөйледі. Институттың жұмыспен қамту және білім бағдарламаларының мониторингі бөлімінің бастығы Нурушева Алия Балгабаевна студенттер мен жұмыс берушілерді ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы № 390 «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары» Қаулысына 13.05.2016 ж. енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
Өндірістік және педагогикалық практикалар өту нәтижесінде болашақ жұмыс орындарын айқындаған институтымыздың 23 түлегіне жұмысқа жолдама табыстау рәсімі өткізілді.
120 жұмыс беруші институтымыздың болашақ түлектерімен жеке әңгімелесті. Қарабалық, Қарасу, Федоров және Әулиекөл аудандарынан көп өкілдер қатысты.
Білім беру мекемелерінде ең қажетті жұмыс орындары математика, физика, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері және тәрбиешілер. «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі - 2017» іс-шарасына институтымыздың 22 мамандығының студенттері қатысты. Кездесу нәтижесінде студенттердің 60 пайызы білім беру мекемелеріне жұмысқа шақырту алды.