Медиация және халық дипломатиясы Мектебінің ашылуы

Егер Сіз көшбасшылық қасиеттерге ие болсаңыз және өзініздің артыңыздан адамдарды ілестіріп жүруге дайын болсаңыз...

Егер Сіз келіспеушіліктерді бақылауға үйренгіңіз келсе...

Егер Сіз медиация және халық дипломатиясының тәсілдерін игергіңіз келсе...

Онда Сіз МЕДИАТОР болуға дайынсыз!

Дәл осылай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтта медиация және халық дипломатиясы Мектебінің ашылуы жарияланды.

Сонымен, 2017 жылдың 16 ақпанында медиация Мектебінің ашылуы болды! Медиация Мектебінің тындаушыларына Самаркин Сергей Владимирович (қосымша білім беру факультетінің деканы), Карбенова Зауре Уразбековна (п.ғ.к., «Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының профессоры) және Навоева Марина Владимировна («Қоғамдік қелісім» РММ медиаторы) өз құттықтау сөздерін бағыттады.

Демисенова Ш.С. ойын түрінде «Медиация және халық дипломатиясы Мектебінің тындаушыларымен танысу» тренингін көнілді өткізді. ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н. ҚХА кафедрасы, оның мақсаттары мен міндетті жайлы атып берді, «медиация» ұғымын және медиация принциптерін ашып берді. Өзінің сөз сөйлеуін, тұлғалар арасындағы келіспеушілік және келіспеушілік кезіндегі әр кейіпкерлердің мінез-құлқын айқындайтын «Біз апельсинмен бөлістік» мультфильмнің көрсетілуімен жалғастырды. Курс тындаушылары апельсиннің тандауын ҚМПИ медиация және халық дипломатиясы Мектебінің символы деп шешім қабылдады.

Медиация Мектебінің оқытушылары тындаушыларға сабақ барысында беретін тақырыптар мен сұрақтарды ұсынды. Медиация және халық дипломатиясы институтының Көне әлемде, Ресейде, Қазақ хандығында даму тарихын және Қазақстандағы медиация институтының қазіргі жағдайын Самаркин С.В. (т.ғ.к., доцент), Козыбаева М.М. (ҚХА доценті, PhD докторы) айтып береді.

2017.02.16

Отбасыдағы келіспеушіліктер, отбасылық келіспеушіліктерді ескерту және шешу, сонымен қатар тұлғалар арасындағы келіспеушіліктер мен этномәдениеттік медиация туралы Демисенова Шнар Сапаровна (п.ғ.к., «Психология және дефектология» кафедрасы доцентінің м.а.) айтып береді.

Мектеп медиаторының жұмысында қажет болатын, мектеп медиациясының психологиялық негіздерін, мектеп медиациясының және психологиялық құрылғыларының туындағаны жайлы Бисембаева Асем Кумаровна («Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы).

Медиация Мектебінің жұмыс жоспарында РММ «Қоғамдік келісім» (облыстық Достық үйі) негізде өткізілетін сабақ бар. Ол сабақ «Медиация еңбек келіспеушіліктерін шешудін баламалы тәсілі ретінде» сұрағының зерттеуіне арналады. Сәуірде «Медиацияның шеберханасы» өтеді, оған Қостанай облысының жетекші медиаторлары шағырылады.

P.s. Біздің сабақтарға қатыспаған студенттерге, Сіздерді күтетіндігімізді хабарлаймыз!

2017.02.16

2017.02.16

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Медиация және халық дипломатиясы Мектебінің ашылуы