Үштілділік білім беру: мәселелері және даму перспективасы» облыстық семинары

2017 жылдың 28 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Үштілділік білім беру: мәселелері және даму перспективасы» тақырыбы бойынша облыстық семинары өтті. Семинар мақсаты: Қостанай облысындағы үштілділік білім берудің даму перспективасын талқылау және мәселелердің практикалық шешімін тандау, тәжірибемен аумасу және ғылыми, іскерлік байланыстар орнату. Ұйымдастырушылар: ҚМПИ көптілділік орталығы және оқу-әдістемелік басқармасы, модератор - Кифик Наталья Юрьевна, ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Семинар жұмысына Қостанай облысы мен Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру басқармалары, ғылыми және педагогикалық қызметкерлері, жоғары және орта білім беру мекемелерінің жетекшілері, үштілділік білім беру бағдарламасын еңгізіп жүрген, Қостанай қаласы мен Қостанай облысының мектептері, колледждері және ЖОО өкілдері қатысты.

ҚМПИ ректорының кеңесшісі Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевич құттықтау сөзінде үштілділік білім берудің дамыту жол қартасын іске асыру аясында үштілділік білім беру мәселесін көтеруінің, сондай-ақ ҚР Президентінің бағдарламалық құжаттарының, соның ішінде көптілділік білім беруге бас орын берілетін, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық келісім модернизациясы» мақаласының өзектілігі мен уақтылығын атап өтті.

Семинар шеңберінде Қостанай қаласы мен Қостанай облысының білім беру ортасына үштілділік білім беруді еңгізу мен дамуының өзекті мәселелері қарастырылды.

Қостанай облысының білім беру мекемелерінде үштілділік білім берудің дамыту жол қартасын іске асырылуына «Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасы» ММ шетел тілдер секторының меңгерушісі Шарипбаева Асель Ахметкановна өз баяндамасын арнады.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ шетел тілдер секторының жетекшісі Елеусизова Гульнара Досымхановна Қостанай қаласының білім беру кеңістігіндегі үштілділік оқыту перспективасы мен мәселелерін айтып өтті.

№1 мектеп-лицейі ұстаздары мен оқушыларының тілдік құзыреттігін дамытуына бағытталған шараларын өткізу тәжірибесімен ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директор орынбасары Грудупс Ксения Яновна бөлісті.

Үштілділік білім беруді еңгізу шеңберінде ЖОО мамандары дайындығының ерекшеліктері бойынша А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік басқармасының бас маманы Аубакирова Зауре Баядилевна, ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінің деканы, т.ғ.к., Сухов Михаил Васильевич, ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасы меңгерушісінің м.а., биология магистрі Суюндикова Жанар Тулеутаевна, ҚМПИ педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к., Шумейко Татьяна Степановна сөз сөйледі.

Үштілділік білім беру жағдайында педагогикалық кадрлерді дайындау ерекшелігіне, көптілділік орталығының жұмыс тәжірибесіне ҚМПИ көптілділік орталығының жетекшісі, п.ғ.к., Соловьёва Наталья Анатольевна өз баяндамасын арнады.

2016-2020 жылға «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты» ҚММ үштілділік білім беруді дамыту бағдарламасымен Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ ҚММ ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша оқу ісінің меңгерушісі Мурзахметова Марина Келдыбаевна және физика пәні мұғалімі Уткельбаева Жазира Кабдуллаевна таныстырды.

ҚМПИ «Биология» мамандығының 4 курс студенті Баянбекова Жанетта көптілді топта білім алған тәжірибесімен бөлісті.

Қазіргі заман жағдайындағы қала және облыс білім беру мекемелеріндегі үштілділік білім беру мәселелері мен қалыптарын талқылай отыра, семинар қатысушылары, үштілділік білім беруді бәсекеге қабілетті әлем жағдайында кәсіби қызметке жас ұрпақты дайындаудын тиімді құралы ретінде қарастырылатынын айтып өтті.

2017.04.28

2017.04.28

2017.04.28

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Үштілділік білім беру: мәселелері және даму перспективасы» облыстық семинары