Біздің университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы
- Подробности
- Опубликовано: 29 октября 2017
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі шаралары: заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу, педагогикалық мамандар құрамының сапасын арттыру, қазақстандық патриотизмді, төзімділікті дамытуға бағытталған тәрбие жұмысын күшейту және т.б. Осы міндеттерді шешу Болон декларациясының талаптарын орындау мәнмәтінінде айрықша маңызға ие.
Белгілі болғандай, біртұтас әлемдік білім беру кеңістігін қалыптастыру, ең алдымен, оқу үдерісін ұйымдастыруда үйлестіру амалын білдіреді. Болон үдерісі аясында студенттердің, оқытушылардың және университеттің бас қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығына үлкен мән беріледі.
Сондықтан қазіргі уақытта Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының маңызды міндеттерінің бірі - білім беру сапасын, қолжетімділігін және білім беру тиімділігін арттыруға ықпал ететін білім беру үдерісін жаңғырту. Осы мақсаттарға қол жеткізуде студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуы айтарлықтай үлкен үлес қосты. Академиялық ұтқырлық жеке дамуы үшін де, оқушыларды жұмысқа табысты орналастыру мүмкіндігінде де, сондай-ақ, КГПИ-дің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және ұлттық рейтингтерде өз айқындамасын жақсарту үшін де маңызды.
Қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біздің университеттің студенттері еліміздің жоғары оқу орындарында және шет елдерде оқиды. Мысалы, филология факультетінің студенттері Балтабаева Аяжан және Тавылдиева Асыл Варминско-Мазурлық университетінде (Польша республикасы, Ольштын қаласы) білімдерін алып жатыр; осы факультеттің студенттері Әсембай Маржан, Бакеева Зарина, Петрова Наталья, Чунина Анна Via Domitia университетінде (Франция, Перпиньян қаласы) оқып жатыр. Психология және педагогика факультетінің студенттері Бақтыбаева Назерке, Орынбасар Әсем, Әшімханова Балнұр, Мамралиева Сәбира Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында білім алуда. Туризм және спорт факультетінің студенттері Әсет Қасымхан және Аян Байзақов академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына бағытталған. Филология факультетінің 3 курс студенттері Аймгүл Әбенова және Айсара Балтабекқызы Астана қаласының Еуразиялық гуманитарлық институтында оқиды. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жаратылыстану-математика факультетінің 3 курс студенті Назерке Аманғалиева білім алуда. Көкшетау мемлекеттік университетінде осы факультеттің 3 курс студенті Айдын Төлен оқиды.
Институттың стратегиялық даму жоспары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің санын көбейтуді көздейді. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа ережесіне сәйкес, оқыту тік және көлденең, яғни, студенттердің ішкі ұтқырлығын арттыруды жалғастырады. Осылайша, студенттердің академиялық ұтқырлығы заманауи жоғары білімнің ажырамас бөлігі болды және біздің ойымызша, әрі қарай дамитын болады. Бұл үшін біздің университетте барлық негіздер мен мүмкіндіктер жасалған: кадрлық және ғылыми әлеуеті, Қазақстанның жоғарғы мектебінің басшыларымен өзара әрекеттесуі, ірі халықаралық ғылыми ұйымдармен және университеттермен байланыс.