Федоров орта мектебінің №1 оқушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына барып қайтты
- Подробности
- Опубликовано: 25 октября 2017
Фёдоровка ауылының №1 орта мектебінің оқушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына экскурсияға шақырылды. Мектеп оқушыларына таныстыру экскурсиясын өткізудің негізгі мақсаты - балаларды институтқа қабылдау. Биылғы жылдың 25 қазанында сынып жетекшілерімен бірге 11 сыныптың 24 оқушысы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Қостанайға келді. Кәсіптік бағдар жұмысына жауапты адамдар, факультеттердің оқытушылары және институттың қабылдау комиссиясының қызметкерлері балаларды қарсы алды.
«Біздің университетіміз 78 жыл бойы 23 мамандық бойынша мамандарды дайындады», - осылайша қабылдау комиссиясының жетекшісі Н. Қабдрахметов оқушыларды қошеметтеді .- Институтқа жыл сайын білім гранттары бөлінеді. Ең бастысы, бізде жұмыспен қамтудың пайызы өте жоғары. Қостанай педагогикалық институтына оқуға түссеңіз , университетте кітапхананың, спорттық жабдықтардың, жатақхананың, инфрақұрылымның дамығанына көз жеткізесіз».
Факультеттің ұжымы балаларға институт және оның түлектері туралы, мемлекеттік университетте оқытудың артықшылықтары туралы айтып берді.
ҚМПИ-ты Ресейдің, Францияның және Германияның жетекші университеттерімен ғылыми және тікелей білім беру байланыстары орнатылған. Институттың академиялық ұтқырлығы бойынша көптілді білім беру бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылуда. Институтта көптілді білім берудің академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылуда», - деп атап өтті сөз сөйлеушілер. Жауап ретінде оқушылардың сынып жетекшісі институттың профессорлық-оқытушылар құрамына алғысын білдіре отырып, «Қостанай педагогикалық институты жарнамаға мұқтаж емес екендігін айтып кетті. Оқыту деңгейін тек Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар шетелде жұмыс істейтін түлектер арқылы да бағалауға болады».
Бұдан кейін балалар оқыту кабинеттеріне, зертханаларға барып, мұғалімдермен әңгімелесті. Оқушылар институттың факультеттері туралы толық ақпарат алды.
Барлық оқушыларға институт, факультеттер мен кафедралар туралы ақпараттық буклеттер таратылды.
Осы экскурсияны өткізгеннен кейін біз олардан болашақ ынтымақтастық пен қарым-қатынасқа үміттенеміз, өйткені барлық балалар өздерінің мәліметтер мен байланыс телефондарын қалдырып, сондай-ақ қабылдау комиссиясы мен факультеттердің телефон нөмірлерін де жазып алды.