«Серпін-2019» түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша кешенді жоспарды іске асыру

2018 жылдың 7 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде 2019 жылы оқып жатқан түлектері "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" әлеуметтік жоба бойынша жұмысқа орналастырудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде, 2018 жылғы білім алған "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" Қостанай облысында жұмысқа орналасқандар түлектердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: білім беру мекемелерінің жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, Қостанай облысында жұмысқа орналасқан "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" әлеуметтік жоба түлектерімен өзара іс-қимылын күшейту.

Дөңгелек үстел жұмысына жоба бойынша оқыған және өзінің кәсіби мансабын Қостанай облысында жалғастырған 12 түлек, аталған жобаның бітіруші курс студенттері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ университеттің мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы, факультет декандары қатысты. Қостанай облысы мектептерінде жұмыс істейтін жоба бойынша білім алған 2018 жылдың шақырылған түлектері спикерлер болды:

  1. Бекполатов Сапарбек, "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының түлегі, Қамысты ауданының білім беру бөлімінің КММ "Краснооктябрь орта мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
  2. Оразали Сәлима, "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығының түлегі, КММ Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Шолақсай орта мектебі" шағын орталығының тәрбиешісі.
  3. Айту Бексұлтан, "Тарих" мамандығының түлегі, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің "№15 ММ орта мектебі" тарих пәнінің мұғалімі.
  4. Ертай Таңат, "Математика" мамандығының түлегі, Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің» "№20 ММ орта мектебі " математика пәнінің мұғалімі.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар арасында пікір алмасып, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" - "Серпін" әлеуметтік жоба түлектерінің жұмысқа орналасу кезінде туындаған мәселелерді шешу жолдары қабылданды.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс «Серпін-2019» түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша кешенді жоспарды іске асыру