Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату
- Подробности
- Опубликовано: 18 января 2019
Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ және «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ НЗМ тәжірибесін трансляциялау (тарату) бойынша жоспарланған жұмыстарды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- ПОҚ біліктілігін арттыру және оқыту;
- мектептермен озық педагогикалық тәжірибе алмасу;
- орта білім мазмұнын жаңартуды ескере отырып, білім беру бағдарламаларының жаңа дизайнын әзірлеу;
- екі жақты ғылыми-әдістемелік кеңес беру және қолдау;
- НЗМ және пилоттық мектептерде ҚМПУ студенттерінің практикасын ұйымдастыру.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда НЗМ инновациялық тәсілдері мен педагогикалық мүмкіндіктерін үйрету мен оқытуда НЗМ озық тәжірибелерін зерттеу және трансляциялау бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау бойынша бірлескен қызмет түрлері анықталды.
НЗМ ПОҚ тәжірибесін оқыту және біліктілігін арттыру бойынша ЖОО-ның өзара іс-әрекетінде онлайн-сабақтары, онлайн-семинарлар, мастер-кластар, оқыту семинарлары, пәндік апталықтар, ашық есік күндері, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, педагогикалық қоғамдастықпен кездесулер, әлеуметтік жобалар ұйымдастыру және т. б. арқылы жүзеге асырылады.
Осы бағытта 2018 жылы 25 бірлескен іс-шара өткізілді. ЖОО кафедраларының тақырыптық апталығы аясында «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» мұғалімдерімен кездесу барысында студенттер қысқа мерзімді жоспарларды жасау дағдыларын, критерийлер мен дескрипторлар әзірлемелері және практикада БЖБ, ТЖБ-ны дайындаудың негізгі тәсілдерін зерттейді.
Педагогикалық шеберлік орталығы және университеттің педагогика кафедрасымен бірге «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында жас мұғалімдер мектебі үшін 34 сағат көлемінде жобаларды қорғау және «Мұғалімнің рефлексивті мәдениетінің негіздері» бағдарламасы әзірленіп, енгізілді.
Педагогикалық шеберлік орталығы және университеттің педагогика кафедрасымен бірге «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында жас мұғалімдер мектебі үшін 34 сағат көлемінде «Мұғалімнің рефлексивті мәдениетінің негіздері» бағдарламасы және жобаларды қорғау әзірленіп, енгізілді. Университет бастамасымен өткізілген «Мектептегі инновациялық үдеріс жағдайында педагогтардың кәсіби дамуының мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы онлайн-семинар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату процесін белсендіру бойынша диалогтық алаң болды, оған аймақтың білім беру бөлімдерінің басшылары, ғалымдар, педагогтар, «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалдарының директорлары, мектеп директорлары, 1 деңгейлі сертификатталған мұғалімдер, НЗМ жетекшілері мен мұғалімдер қатысты. On-line семинар жұмысына Қостанай қаласы және Қостанай облысының 80 мектебі қосылды. Онлайн-семинар аясында педагогтың кәсіби даму мүмкіндіктері мен ресурстары, әдістемелік қолдау көрсету мәселелері талқыланды; педагогтың кәсіби дамуындағы білім беру практикасын зерттеу (Lesson Study тәсілі); «Мұғалімнің кәсіби бағдарлары» оқу курсының тәсілдерін енгізу бойынша болашақ педагогтарды курстан кейінгі қолдау. Талқылау нәтижелері бойынша Қостанай облысы білім беру ұйымдарының және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ҚМПУ кафедраларымен сонымен қатар аймақтық білім беру саласының және әдістемелік қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталықтарымен өзара әркеті мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған тиісті ұсыныстар қабылданды.
2018 жылдың 7 сәуірінде ПШО мен НЗМ бірлесе отырып ЖОО ПОҚ-тың оқу сабақтарын ұйымдастыру тиімділігін арттыратын «Сабақты зерттеу» онлайн-конференциясын өткізді. Қазіргі таңда ЖОО оқытушылары білім беру үдерісінде LESSON STUDY («Мұғалімнің практикасын зерттеу», іс-әрекетін зерттеу) әдістемесін белсенді пайдалануда. Бірлескен ғылыми жобалар іске асырылуда. Оның ішінде «Мұғалімнің рефлексивті мәдениетінің негіздері» жобасының қорытындысы бойынша 3 оқу құралы дайындалып, жарияланды («Рефлексия – мұғалімнің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру құралы ретінде» (Рефлексия как инструмент совершенствования практики преподавания и обучения учителя: әдістемелік нұсқаулық), «Мұғалімдердің рефлексиялық мәдениетін қалыптастыру» (мектеп, колледж мұғалімдеріне және ЖОО оқытушыларына арналған оқу құралы).
ЖОО оқытушылары тарапынан НЗМ арнайы тапсырысы бойынша бірнеше оқу құралдары әзірленді: Формативті бағалау: өзін-өзі және өзара бағалау: әдістемелік нұсқаулық ұстаздарға көмек, Блум таксономиясына сәйкес оқу мақсаттары, Мектеп-лицейдің оқу-әдістемелік жұмысындағы инновациялық органайзер (коучингтер жинағы), Мектептегі инновациялық үрдістер (педагогикалық мамандықтар бойынша студенттерге арналған оқу құралы).
Биология мамандығы бойынша өткен оқу жылының 4 курс студенті Абишева Анар (көптілді топ) НЗМ тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі биология сабағында топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында дипломдық жұмысты орындады. Бүгінгі таңда ЖОО-ның түлегі НЗМ-де мұғалім болып жұмыс істейді.
Университет оқытушылары әр түрлі ғылыми-әдістемелік мәселелер бойынша НЗМ Педагогикалық кеңестеріне шақырылады (НЗМ мұғалімдерінің әдістемелік жарияланымдарын дайындау сапасы туралы, 2018 жылғы қараша).
ЖОО кафедраларына НЗМ мұғалімдері өздерінің әдістемелік әзірлемелерін ғылыми сараптамадан өткізу және рецензиялау үшін жүгінеді. 2018 жылы НЗМ мұғалімдерінің сертификатталған педагогтарға көмек ретінде жинақ-практикумы, «Педагогтардың педагогикалық тәжірибелерін зерттеуді ұйымдастыру үшін әдістемелік қолдау», «ActionResearch» жобасы аясында зерттеу тәжірибесі бойынша дидактикалық материалдары (педагогтарға сабақ өткізуде көмек ретінде зерттеулер жинағы) сараптау процедурасынан өтті.
«Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББ студенттер үшін кәсіби практикаларды өткізу базасы болып табылады (1-кестені қараңыз).
7 БББ-ның 24 студенті қазіргі таңда «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында тәжірибеден өтуде.
Сонымен қатар, біздің өңірде НЗМ тәжірибесін трансляциялау бойынша «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 10 орта мектебі» ММ пилоттық мектеп ресурстық орталық болып табылады, ҚМПУ студенттері мақсатты түрде кәсіптік практикадан өту үшін осы мектепке жіберіледі. Осылайша, қазіргі уақытта сегіз БББ-ның 64 студенті «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 10 орта мектебі» ММ практикадан өтуде.
ЖОО-ның мектептермен НЗМ тәжірибесін тарату бойынша ынтымақтастығы білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады. «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімдері мен қызметкерлері бакалавриат жоғары білім беру бағдарламаларын дайындаушы немесе сарапшылары болып табылады. 2018 жылы каталогтың мазмұны 80% - ға жаңартылды. 2018-2022 оқу жылдарына 414 жаңа пәндер әзірленді және енгізілді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық мамандықтар бойынша мұғалімдері (А.А.Еришева, А.Е.Саулебаева, М.Т.Козганбаева, А.Ю.Бармина, Б.М.Демесенов, К.И.Асанова, А.Б.Нурушева және т.с.с.) ЭПК дайындау үдерісіне тартылды. НЗМ басшылығы 2019-2022 жылдарға арналған модульдік білім беру бағдарламаларының жаңа дизайнын әзірлеу барысында құрылған жұмыс тобының құрамында сарапшы және дайындаушы болып табылады. (2019 жылғы қаңтар-ақпан).
Тәжірибені трансляциялау (тарату) жобасының тағы бір маңызды бағыты – біздің ЖОО профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуы:
- педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде әзірленген бітіруші топтың білім алушылары үшін қосымша кәсіптік білім беру курстары (бітіруші курстың 565 студенті қамтылған, «Мұғалімнің кәсіби бағдарлары» курс мазмұны ҚМПУ білім беру бағдарламаларына енгізілген);
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеттерімен бірлесіп әзірленген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде дайындалған, профессор-оқытушылар құрам қатарынан жаттықтырушыларды оқыту бағдарламасы бойынша курстар (45 оқытушы);
- педагог кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде 17 оқытушы).
Сонымен қатар, НЗМ өзара әрекет ету практикасы көрсеткендей, НЗМ біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жұмыс істеп жатқан кураторлардың және педагогикалық ЖОО бітірушілердің кураторлық қызметке дайындық мәселесі назардан тыс қалуда.
Осы фактіні ескере отырып, ҚМПУ жаңа модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуде:
- «Мектептегі кураторлық жұмыстың психология-педагогикалық негіздері» ҚМПУ студенттері үшін (2 кредит) таңдау курсы бойынша бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
- Мектептегі әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламасын (34 сағат) енгізу және университет, педагогикалық колледждің бітіруші курс студенттерін курсқа тарту.
- ҚМПУ студенттері үшін «Сынып-кураторының тәрбие жұмыстарындағы психология-педагогикалық диагностикасы» (2 кредит) таңдау курсын әзірлеу және енгізу.
Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ұжымы классикалық педагогикалық жоғары оқу орны ретінде бүгінгі күнде еліміздің жалпы орта білім беру мектептеріндегі сапалы білім беру көп жағдайда үздік шетелдік тәжірибені апробациядан өткізу және шығармашылық қайта өңдеудің негізгі алаңы болып табылатын, классикалық педагогика жетістіктерін инновациялық үдерістермен байланыстыру үрдісіне өз үлестерін қосып жүрген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру деңгейіне жету үшін жасалатын талпынысқа байланысты екенін түсінеді.
2019 жылы 18 қаңтарда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Ногатаевна Шамшидинова өңірдегі жалпы білім беретін мектептерде НЗМ тәжірибесін тарату мәселелері бойынша университетке келіп, сапар барысында ЖОО ұжымымен іскерлік кездесу өткізді.