Нұр-Сұлтан қаласының Басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің білім басшысы бітіруші курс студенттерімен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 11 апреля 2019
2019 жылының 11 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Нұр-Сұлтан қаласының Басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің білім басшысы Құлушпаева Жаныл Ашмұқановнамен, Нұр-Сұлтан қала мектептерінің өкілдерімен бітіруші курс студенттерімен кездесуі өтті.
Астаналық қонақтардың сапарының мақсаты: елордалық білім беру ұйымдарының кадрлық қажеттілігі және жас мамандарды жұмысқа тарту шаралары туралы студенттерді ақпараттандыру.
Студенттер мансаптық өсуді ынталандыру шаралары мен келешегі туралы білді. Кездесуде жас мамандар үшін қолайлы әлеуметтік және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар мен өзін кәсіби маман ретінде көрсету мүмкіндіктері туралы ақпаратқа ерекше назар аударылды.
Нұр-Сұлтан қаласында кадр қажеттілігі жайында қосымша ақпараталу үшін, түлектерді жұмысқа орналастыру офисіне жүгінуге болады (213-кабинет).