«Жастар және инновациялар - 2020»

2020 жылдың 27 ақпанынан 3 наурызына дейін Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында «Жастар және инновациялар - 2020» инновациялық жобалар байқауы алғаш рет өтті. Бұл іс-шараны U-Smart Бизнес Инкубаторы жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға, мектеп және колледж студенттерін жобалық іс-шараларға белсенді тартуға және жас инноваторлардың құзіреттілік деңгейін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурстық комиссияның қарауына 70-тен астам өтінім келіп түсті. Іріктеу критерийлері негізінде инновациялар, әлеуметтік маңыздылық, қоғамдағы өзектілік, пайда табу мүмкіндігі және т.б. 19 жоба байқаудың финалына шықты.

Барлық идеялар әртүрлі, мысалы:

IT технологиялар;

  • табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстарды сақтау;
  • робототехника;
  • Азаматтардың өмірін жеңілдететін құрылғылар, технологиялар;
  • мобильді қосымшалар;
  • экологиялық инновациялар;
  • білім берудегі инновациялар;
  • Әлеуметтік жобалар.

Мектептер оқушылар мен колледждердің студенттері арасындағы инновациялық жобаларды Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы, Қостанай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және әлеуметтік топ өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия бағалады.

Сайыстың нәтижесінде:

1 орын (30.000 тг.) - Тлеумурзин Бахтияр, «Қостанай облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ 9 сынып оқушысы

2 орын (20.000 тг.) - Аталин Султан, ГУ "Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназия" ММ 11 сынып оқушысы;

2 орын (20.000 тг.) - Жумадеилов Алишер, «Қостанай облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ 9 сынып оқушысы;

3 орын (15.000 тг.) - Фурдыпал Денис, Битанатова Мадина, Лисаковск қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Октябрьская орта мектебі» КММ 11 сынып оқушылары;

3 орын (15.000 тг.) - Зуева Дарья, Маклюк Регина, Усова Екатерина, «Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің №2 Тобыл орта мектебі» КММ 10 сынып оқушылары;.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

03 03 2020

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз