Университетіміздің жас педагог-ғалымдары Республикалық Слет қатысушылары
- Подробности
- Опубликовано: 30 апреля 2020
Президент Қ.К.Тоқаевтың және ҚР БҒМ министрі А.Қ.Аймағамбетовтың пандемия жағдайындағы білім-ғылымдағы онлайн және қашықтан оқыту әдістері мен инновациялық бағыттарын жастар арасында дәріптеу мен зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға бағытында Қызылорда қаласы «Болашақ» университетінде 2020 жылдың 29-30 сәуірінде Қазақстан Республикасының Жас педагог-ғалымдарының ІІІ Республикалық Слеті болып өтті.
Іс-шараға Қазақстанның жас педагог-ғалымдары Қауымдастығының белсенділері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының Жас ғалымдар Кеңесінің мүшелері, елдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытудың өнеркәсіптік секторларының, сондай-ақ Өзбекстан және Ресей Федерациясының оқу орындарының өкілдері қатысты.
Қазақстан жас педагог-ғалымдарының ІІІ Республикалық Слетіне қатысушылар төтенше жағдай кезінде білім беру саласындағы ақпараттық технологиялардың рөлін айқындау арқылы оларды пайдаланудың мәселелері мен перспективалық жоспарларын талқылады.
Слет барысында «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқытудың инновациялық әдістері» бағытында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, психология және педагогика факультеті педагогика кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Калиев Дастан Дүйсенулы «Қашықтықтан оқытуға арналған 10 бағдарлама» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Слет жұмысы аясында «Қашықтан оқыту: артықшылығы мен кемшіліктері» атты пікірсайыс ұйымдастырылып, аталған іс-шара қорытындысы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі, педагогика кафедрасының оқытушысы Аканбаев Баглан Нурланович жетекшілік ететін «Парасат» дебат клубының мүшесі Қайрғали Нұрымжан Қайратұлы бас жүлдеге ие болды.