Гранттық қаржыландыру конкурсы іске асыру мерзімі 12 және 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша

Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жетекші ғалымдары Қостанай өңірінің, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасының білімді, іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Мысалы, гранттық қаржыландыруға арналған түрлі конкурстардың арқасында ғылыми зерттеулер өз мақсаттарын жүзеге асыруда айтарлықтай қолдау алады.

Биылғы жылы ғылымды дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми және ғылыми-техникалық жобалары бойынша гранттық қаржыландыруға ҚР БҒМ 12 және 27 ай мерзімге екі конкурс жариялады.

Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-де 15 мамыр күні жетекші ғалымдармен және бөлім басшыларымен гранттық қаржыландыру конкурсына қатысудың одан әрі стратегиясын талқылау бойынша online кеңес өткізілді. Кеңесті ЖОО-ның ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, ф-м.ғ.д. Н.А.Медетов және ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы, а-ш.ғ.к. А.Б.Амандыкова ұйымдастырды. Талқылауға университеттің 50-ден астам қызметкері қатысты. Ректордың м.а. Мұсабекова Г.А. Қостанай өңірінің білім беруді дамыту саласындағы ғылыми зерттеулер мүмкіншілігі туралы өз идеясымен бөлісті.

Кеңес қорытындысы бойынша конкурстық құжаттамада қойылған өлшемдер бойынша ықтимал ғылыми жетекшілер анықталды. Өтінімді ресімдеу, жұмыс тобының құрамы, құжаттарды беру мерзімдері мен үлгілік ережелер бойынша мәселелер талқыланды. Конкурстық өтінімдерді қалыптастыру бойынша одан әрі жұмыс жоспары белгіленді.

Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының қызметкерлері зерттеу топтарына туындаған мәселелер бойынша кеңес береді.

Конкурстық өтінімдер жобаның ғылыми жетекшісі мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде ҚР БҒМ Ғылым комитетіне «МҒТС ҰО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша жіберілетінін атап өту қажет: https://is.ncste.kz.

Өтінімдерді қабылдау – 2020 жылдың 11 мамырынан басталады.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2020 жылдың 26 ​​маусымы (қоса алғанда).

Байқауға қойылатын талаптарды университеттің сайтында Ғылым бөлімінде https://www.kspi.kz/ танысуға болады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Гранттық қаржыландыру конкурсы іске асыру мерзімі 12 және 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша