Жыл студенті 2020
- Подробности
- Опубликовано: 11 мая 2020
Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі жоғары білікті, заманауи еңбек нарығына бағытталған, белсенді, сыни тұрғыдан ойлана алатын және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды қабылдауға қабілетті маманды дайындау жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері ғылыми-зерттеу жұмысы аясында өзекті мәселелерді шешумен айналысады, олардың нәтижелерін жариялап, байқауларға ұсынады.
Осылайша, 2020 жылдың 11 мамырында біздің ЖОО студенттері Торыбаев Жанболат пен Чапаксин Иван «Жыл студенті 2020» III Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауына (Ресей Федерациясы) қатысты.
Байқау нәтижелері бойынша Торыбаев Жанболат Серикович «ВЛИЯНИЕ НА АКТИВНОСТЬ ПАТОГЕННЫХ БАКТЕРИЙ РОДОВ STAPHYLOCOCCUS ROSENBACH 1884 И STREPTOCOCCUS ROSENBACH 1884 БИОЛОГИЧЕСКИ АКТИВНЫХ ВЕЩЕСТВ ТУИ ЗАПАДНОЙ (THUJA OCCIDENTALIS L. (1753) И МЕТОДЫ ИХ ПОЛУЧЕНИЯ» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды; Чапаксин Иван Владимирович «ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЖЕСТКОСТИ ВОДЫ ГОРОДА КОСТАНАЙ» тақырыбындағы жұмысы үшін 2 дәрежелі дипломға ие болды.
Жанболат пен Иванды жеңістерімен және «Жыл студенті 2020» атағына ие болуларымен құттықтаймыз. Зерттеу материалдарын https://sciencen.org/novaja-nauka-konkursy/arhiv-konkursov/ жинағынан табуға болады.
Жеңімпаздарға мықты денсаулық және жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмауды, ғылыми және кәсіби қызметте табыстарға жете беруді тілейміз!