«АКАДЕМИКА» жобасы бойынша Рим қ. кездесу, Италия

2016 жылдың 8-9 қарашасында Гульельмо Маркони атындағы Университетте (Рим қ., Италия) Erasmus+ Еуроодақпен қаржыландырылатын ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жоба аясында серіктестердің кездесуі өтті. Аталмыш кездесу барысында ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша оқыту курсының дайындалу нәтижелерін талқылауда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарапынан Кифик Н.Ю., Сухов М.В. және Данилова В.В. белсенділік танытты.

Кездесу барысында жобаның жүзеге асу жолдары талданып, оның негізгі кезеңдері анықталды. Г. Маркони атындағы Университетінің жетекші оқытушылары Е.Гранде, А.Пиерони және С.Меоланың «Оқыту бағдарламаларын таныстыру арқылы оқыту курстарын жетілдіру» туралы баяндамасы тыңдалды. Adobe Presenter бағдарламасы бойынша электрондық білім беру нысандарын құруды меңгерту мақсатында тренингтік сессиялар ұйымдастырылды. Нәтижеге бағытталған кездесу жобаның келесі кезеңдерін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары «АКАДЕМИКА» жобасы бойынша Рим қ. кездесу, Италия