Валенсиядағы кездесу («ACADEMICA» жобасы)
- Подробности
- Опубликовано: 05 июля 2016
2016 жылдың 4-5 маусымында (Испания) Валенсия қаласы Политехникалық Университетінде Еуропалық Комиссияның 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP нөмірімен тіркелген «Аccessibility and Harmonization of Higher Education in Central Аsia through Curriculum Modernization and Development /ACADEMICA/» халықаралық жоба қатысушыларының кезекті кездесуі өтті (әріптес мемлекеттер және Орталық Азия мемлекеттерінің білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы жоғары білім жүйесін оңтайландыру және қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша).
Кездесуге қатысушылар жобаны жүзеге асыру үрдісі бойынша ағымдық есептер ұсынды. Әріптес мемлекеттер білім беру мекемелерінің ұлттық көрсеткіштерінің талдануы және вебсайттар бойынша баяндамалары тыңдалды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері Сухов М.В., Кифик Н.Ю., Данилова В.В. «Инженерлік кадрларды дайындауға бағытталған құзыреттіліктерді қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Баяндаманың негізгі мақсаты - инженерлік кадрлардың қызмет көрсету бойынша жалпы және арнайы мүмкіндіктерін арттыру. Қатысушылар құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстың мақсатқа бағытталуын және аудиториялық, аудиториядан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін қамтуын қажеттігін жеткізді.
Кездесу аясында еркін пікірталастар, «ACADEMICA» халықаралық жобасының рефлексивтік, процессуалдық мазмұндық құрылымдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жеткізілді. Кездесі іскерлік сипатта өткізіліп, аталмыш жобаны жүзеге асырудың маңызды кезеңі болып табылды.