«Инновациялар: практика мен нәтиже» тақырыбындағы дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 08 июня 2015
2015 жылғы 8 маусымда институттың мәжіліс залында «Инновациялар: практика мен нәтиже» тақырыбында «ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын «Өрлеу» БАҰО АҚФ базасында біліктілікті арттыру курстарынан өткен оқытушылармен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың директоры Гульнар Тултаевна Балакаева, оқу-және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, з.ғ.д., PhD философия докторы, қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген және институттың педагогикалық құрамы қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар ББЖБАРИ және шетел оқуының нәтижесі, оқу үдерісіне инновациялық технологиялар енгізу мәселелері жайлы пікір алмасты.
Алғы сөзді оқу-және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, PhD философия докторы, заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген алып, шетелдік жоо-лармен ынтымақтастық жоғары білім жүйесіндегі ерекшеліктерді зерделеу, өз дайындығымыздың сапасын бағалау және институт пен шетелдегі оқыту деңгейін; оқу үдерісіне педагогикалық инновацияларды енгізуге бірден-бір мүмкіндік екендігін атап өтті. 2015 жылдың мамырында институттың мәжіліс залында «Инновациядан практикаға» тақырыбында инновациялық жобалар көрмесі өтіп, оған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келген оқытушылар белсене атсалысқаны да айтылды. Жобалар мақсаты: оқу үдерісіне жаңа инновациялар енгізу. 13 жоба ұсынылды. Барлық жоба көңілден ойдағыдай шығып, жобаларды қорғау нәтижесінде оларды жинақтап, ҚР БҒМ ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу ұсыныстары айтылды.
Өз кезегінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың директоры Гульнар Тултаевна Балакаева 2012 жылдан бастап алғаш рет институт базасында Қазақстан жоо оқытушыларын инновациялық бағдарламалар бойынша оқытудың жаңа бағдарламасы іске асырылғанын айтып өтті. Жетекші шетел университеттерінде оқу ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттырудың жаңа бағыты болып табылады: педагогикалық мамандықтағы 3000 оқытушының ішінен ББЖБАРИ базасында білім алып, шетел университеттерінде тағылымдамадан өткені 650 адам. Оқыту жоғары мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға бағытталған және білім беру мен оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын, бағалау жүйесінің ерекшеліктерін қамтиды. Педагогтердің білімін тестілеу жүйесі арқылы бағалау кезінде логикалық эссе жазу, «Тренер-Education» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналына мақала жариялау, «бейне-портфолио» республикалық конкурсына қатысу, тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шеберлік мектебін» ашу, педагогтердің кәсіби дамуы үшін желілік қауымдастық жұмыстарын ұйымдастыру (он-лайн режимінде, мастер-класс, тренингтер, конференциялар, семинарлар түрінде «бетпе бет» кеңесін өткізу) жұмыстарына айрықша көңіл бөлу керектігі ұсынылды.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында оқытушылар оқу үдерісіне заманауи технологиялар енгізу тәжірибелерімен бөлісті. Ньюкасл қаласындағы (Ұлыбритания) университетте, Валенсия политехникалық университетінде (Испания) тағылымдамадан өтіп келген оқытушылар – ҚМПИ шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И.Кудрицкая «Создание виртульной образовательной среды для реализации подхода «Blendedlearning» тақырыбында және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Б.М.Демесенов «Внедрение современных зарубежных технологий в учебный процесс на кафедре естественных наук» тақырыбында жобалар презентациясын ұсынды.
Үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының бастығы Р.С.Ищанова «ҚР ЖОО педагогикалық мамандығы оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары оқушылардың оқу үдерісіне белсене атсалысып, оқытушылар студенттердің танымдық қызметтерінің ұйымдастырушысы болуларына зор септігін тигізді деп атап өтті. Сондай-ақ ол үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі заманауи тәсілдер, оқытудың интерактивтік технологиялары мен әдістерін пайдалану оқыту сапасының айтарлықтай жақсаруына; оқушылардың дағдысы мен білім нәтижесін бағалау білімді бақылаудың заманауи жүйесінің критериалдық сипатын түсінуге; оқытуда сандық технологияны пайдалану оқытушының кәсіби қызметінде соны ақпараттық технологияларды қолдану дағдысын меңгеріп, қалыптастыруға ықпалын тигізіп, оқытушылардың тренинг, семинар және сессия уақыттарында бірлесіп жұмыс атқаруы кәсіби іскерліктерін жетілдіруге және тәжірибе алмасып, ой-өрістерін кеңейтуге зор мүмкіндіктер берді.
Оқытушылар Гульнар Тултаевна мен Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтқа жемісті ынтымақтастық, біліктілікті арттыру курстарының жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына алғыстарын білдірді; профессорлардың жоғары кәсіби деңгейлерін, меңгерілген инновациялық әдістер мен технологиялардың өзектілігін, бүгінде оқу сабақтарында белсенді қолданылатындығын ерекше атап өтті.