ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын орындау аясында қостанай облысы бойынша ғылыми экспедициялар

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанында 2018 жылдың 16 мамырында ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/ReKKS «Топырақ мезофаунасы және оның тіршілік ету ортасы жағдайында антропогенді және климаттық факторлардың әсерінен Солтүстік Қазақстан дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы» жобасы негізінде «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» тақырыбы бойынша халықаралық теориялық семинардан кейін жоба мүшелері: Германияның алдыңғы қатарлы ғалымдары профессор, доктор Георг Гуггенбергер, ReKKS жоба үйлестірушісі, PhD Шибистова Ольга Борисовна, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Экология және биология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, профессор, биология ғылымдарының докторы Татьяна Михайловна Брагина, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Брагин Евгений Александрович, биология магистрі, аға оқытушы Бобренко Марина Александровна, биология магистрі, аға оқытушы Рулева Мария Михайловна 2018 жылдың 17 мамырынан 20 мамыр аралығында Қостанай облысы бойынша экспедицияға шықты. Экспедицияның алға қойған мақсаты – тұрақты жер телімдерін іріктеу және олармен танысу топырақтың морфологиялық сипаттамасын жасау және топырақ мезофаунасын зерттеу болып табылады.

2018 жылдың 17-18 мамыр аралығында ғалымдар Наурзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан жер телімдерін зерттеумен шұғылданды. Германия елінен келген қонақтар Наурзым мемлекеттік табиғи қорығының адам баласы аяғы баспаған керемет тың жерлердің сұлулығын бағалай алды және мұражайын тамашалады. Тұрақты жер телімдеріндегі топырақ кесінділері сипатталды, келесі зерттеулер үшін топырақтық-зоологиялық сынамалары алынды.

19 мамырда ҚМПУ ЭБМ ҒЗО қызметкерлері және жұмыс тобынын құрамына кіретін білім алушылар зерттелген аудан бойынша тұрақты жер телімдерінен алынған сынамаларды алғашқы сұрыптаудан өткізді.

20 мамырда экспедициялық топ Қостанай облысының солтүстігінде орналасқан Қостанай және Меңдіқара аудандарына бағыт алды. Жоспар бойынша тұрақты жер телімдері іріктеліп, топырақ мезофаунасының сынамалар алынды.

Халықаралық жоба қатысушылары Наурырзым Мемлекеттік Табиғи Қорығының директоры Койлыбаев Дулат Ғауезханұлына және қызметкерлеріне, Меңдіқара ауданынынң Михайлов ауыл әкімі Какимов Адильбек Согидаллұлына, «Восток» ЖШС, «Александровский» ЖШС басшылығына және агрономдар Шахно Анатолий Павлович пен Цимко Валерий Михайловичке жұмыс бабындағы әріптестік пен көрсетілген көмектері үшін алғыс айтылды.

НИЦ ПЭБ КГПУ/REKKS

НИЦ ПЭБ КГПУ/REKKS

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары ҚМПУ ЭБМ ҒЗО/REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын орындау аясында қостанай облысы бойынша ғылыми экспедициялар