Ғылыми жəне (немесе) ғылыми техникалық қызметтер нәтижелерін коммерциялау мүмкіндігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің  Ғылым жəне халықаралық байланыс  басқармасының ұйымдастырылуымен "Ғылым қоры" АҚ өкілінің қатысуымен өңірлік ғалымдар мен кәсіпкерлердің басын қосқан семинар өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 31 қазанындағы №381-V ЗРК «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін коммерциаландыру туралы» заңын жүзеге асыру аясында 2018 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижесін коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу үшін Конкурсқа Қостанай қаласы мен Қостанай облысынан әлеуетті өтініш берушілер қатысуының реті түсіндірілді. Бұл қордың өткізгелі отырған үшінші конкурсы екен. Алдыңғы екі конкурстың нәтижелері бойынша жобалар іске асып та үлгеріпті.

2016 жылдан бері екі конкурста 96 жоба жүзеге асты. Қазір конкурстан грант ұтқан жобалар бойынша Ақмола, Қарағанды облыстарында өндірістер жұмыс істеп жатыр. Конкурсқа 44 бағыт бойынша қатысуға болады. Егер жоба грантты ұтқан жағдайда 300 миллион теңгеге дейін бюджеттен қаражат бөлінеді, оның сыртында жоба нәтижесі бойынша инвестия тартуға болады».

Өткен конкурстарға 5 жоба қатысқан. Қазір Алматы ғалымдары ұсынған геология салсындағы бір жоба Қостанай облысындағы Жітіқара ауданында жүзеге асырылуы тиіс.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Ғылыми жəне (немесе) ғылыми техникалық қызметтер нәтижелерін коммерциялау мүмкіндігі