Scopus және Science Direct деректер базаларын қолдану арқылы ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту туралы семинар
- Подробности
- Опубликовано: 23 октября 2018
2018 жылғы 23 қазанда ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы Scopus & Science Direct базаларын қолдану арқылы ғылыми жұмыстардың сапасын жақсарту бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Elsevier компаниясының өкілі Дина Шайхислам Scopus базасында индекстелінетін журналдарда мақалаларды жариялау мүмкіндіктері мен ережелері туралы толық ақпарат берді.
Семинарда Science Direct деректер базасында мәліметтерді іздеу тиімділігін арттыру, қолданылатын іздеу жүйесінен тәуелсіз қажетті мағлұматқа қол жеткізу сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар Scopus деректер базасында жұмыс жасау негіздері көрсетіліп, мақала жарияланатын журналдың сапасын бағалау критерийлері жан-жақты баяндалды. Қатысушылар іс-шара барысында белсенді түрде өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, семинар спикерінен қарапайым және түсінікті жауаптар алды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін Elsevier компаниясының өкілі Дина Шайхислам қатысушыларға қажетті ақпаратты іздеу және мақала жарияланатын журналды таңдауға мүмкіндік беретін www.scopus.com сайтына тіркелуде көмек көрсетті.