«Startup «Bolashak» - 2019 финалы
- Подробности
- Опубликовано: 28 января 2019
2019 жылдың 28 қаңтарында университетіміздің 80 жылдығына және ҚМПУ-ға Ө.М. Сұлтанғазиннің есімі берілуіне орай, «Startup «Bolashak» – 2019 институтішілік студенттер конкурсы болып өтті.
Кез-келген елдің әл-ауқаты оның инновациялық және технологиялық әлеуетіне байланысты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси бағыттарының бірі болып саналатын стартаптарды дамыту жобасы, соңғы жылдары көптеген табысты жобаларды халықаралық деңгейге ұсынуда. Осыған орай, Қазақстан Республикасында, стартаптарды мемлекеттік деңгей көлемінде қолдау жұмысы жүргізілуде. Атап айтсақ, Салықтық қолдау; Мемлекеттік даму бағдарламалары; Бизнес-инкубаторлар және үздік идеяларды анықтау үшін түрлі байқаулар т. б.
Сонымен қатар жоғары оқу орындарында инновацияларды қолдау жүзеге асырылуда. ҚМПУ-да стартап-жобаларды дамыту жақын арада басталғанымен, олардың саны мен сапасы үнемі артуда. Университетімізде стартап-жобалар конкурсын өткізу дәстүрге айналған. Оның мақсаты жастардың кәсіптік мүмкіндігін ашу және студенттердің ойын қолдау үшін жағдай жасау. Өткен жылы конкурсқа 22 өтінім қабылданған еді, биыл олардың саны 31-ге жетті. Олардың ішінде қоғамдық маңызға ие әлеуметтік маңызы бар жобалармен қатар өмірге қажетті әртүрлі тақырыптарға арналған жобалар да кездеседі.
Жоба жеңімпаздарын Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мүшесі, «Даму» аймақтық АҚ кәсіпкерлікті дамыту қорының» мүшесі, «Атамекен» Қостанай облысының кәсіпкерлік палата мүшесі, Қостанай облысының «Жастар ресурстық орталығының» мүшесі, «Тобыл» ӘКК мүшесі бағалады.
Жоба жеңімпаздары:
1 орын – Григорьева Валерия «Қағазға – екінші өмір!».
Жобаның маңыздылығы – қоршаған орта мен табиғат ресурстарына ұқыптылықпен қарауға, қалалық қоқысқа түсетін қалдықтар санын азайтуға жағдай жасайды; экология мәселесіне назар аудартып, табиғи ресурстарға екінші мәрте қолданылуына мүмкіндік жасайды. Әлеуметтік салдардың нәтижесінде макалатурадан жиналған қаржы, материалдық жағдайы тұрақсыз студенттерге көмек ретінде берілетін болады. Университетімізде бұл жобаны жүзеге асыратын болсақ, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосатын және қайырымдылыққа бағытталған білім беру мекемелерінің санағына енетін едік.
Университет қабырғасында бұл жобаның жүзеге асырылуы ақпараттық құралдарының назарын аудартады, болашақта Университет имиджін көтеруге ықпалын тигізеді және еліміздің табиғи әлеуетін сақтап қалатын, экологиялық білім беру мәселелерін қарастыратын оқу орындарының бірі болуына себебін тигізеді.
Бұдан бөлек, жоба, еліміздің және қаламыздың оқу орындарына өзіндік үгіт насихат болып табылады, бұл дегеніміз табиғат әлеуетінің сақталуына жергілікті көзқарас қалыптастыруға және еліміздің экономикасын көтеруге, қоршаған ортаны қорғау саясатын жүзеге асыруға, ұлтымыздың мәдени және рухани дамуына ықпал жасайды.
2 орын – Золина Алёна, Рахмаев Денис, Шелудько Евгения «QostaQuest қалалық танымдық квест қызметін көрсетуді дамыту»». Стартап-жобаның мақсаты – «Рухани жаңғыру» жобалау мақаласын жүзеге асыру аясында, келген оқушыларды қаланың негізгі көрікті жерлерімен таныстыруда танымдық қалалық квесттерді ұйымдастыру. izi.travel интернет-платформа базасында 3 демо-бағытты ұсынылды: «Қостанай қаласының ескерткіштері мен монументтері»; «Өткен жылдардың жаңғырығы»; «Спорттық Қостанай».
Бағыттың әрқайсысы Қостанай қаласының тарихын зерттеуге арналған. Бүгінгі күні Қостанай облысының қызмет нарығында осыған ұқсас қызмет түрі ұсынылмаған. Бұл сервистің ерекшелігі білімділік пен танымдық жағы болып саналады, сонымен қатар мектеп оқушыларының уақытын белсенді түрде өткізуге қызығушылығын оятады.
3 орын – Абдрахманова Дилара, Қауатаева Дарина, Ибраев Алишер «Жәдігерлік өнім студиясы «Handmade from Kazakhstan».
Жобаның мақсаты – жәдігерлік өнімдерді қолдан жасау үшін ҚМПУ ішілік студияның имиджін қалыптастыру. Жоба – жаңашылдық эстетикалық ортамен дәстүрлі қазақы кәсіпті кіріктіре отырып, өнегелік бағытына қарай ерекше маңыздылығына ие. Бұл жас буынды патриотизмге тәрбиелеумен қатар, шығармашылық қабілеттілікті арттыруға да септігін тигізеді..
Ісшараның нәтижесі бойынша, жеңімпаздар, жобаларын дамыту үшін қаржылай сыйақыға ие болды.