Қазақстандағы халықаралық білім күні
- Подробности
- Опубликовано: 24 января 2019
Халықаралық білім күні (International Day of Education) 2019 жылдан бастап алғаш рет әлем бойынша 24 қаңтар күні атап өтілуде.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 3 желтоқсан күні қарарында (A/RES/73/25) 24 қаңтар күнін Халықаралық білім күні деп жариялады, бұған себеп – осы күннің татулық пен дамуға қол жеткізу барысындағы рөлін мойындау.
Халықаралық білім күнін атап өту аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен бірлесіп, Қазақстанда, Қырғыстанда, Тәжікстанла және Өзбекстанда онлайн-кездесу ұйымдастырды, оның қатысушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жас ғалымдар Кеңесі мүшелері мен студенттері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Х. Досмұхаметов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері болды.
Кездесу барысында мына мәселелер қарастырылды: 2030 жылға дейінгі Қазақстанның тұрақты дамуына мүмкіндік беретін 17 басымдылық бойынша білім беру маңыздылығы; саладағы мәселелерді шешу жолдары. Сонымен қатар Қазақстанның жас ғалымдарының бастамасымен «t2t Networking» жобасы ұсынылды. Жоғары оқу орындарының ПОҚ құрамына жоба үлкен қызығушылық туғызды, себебі ол ауылдық мекенде орналасқан мектептердің ғылыми-педагогикалық потенциалын арттыруға және мемлекетіміздің жоғары оқу орындарының жас ғалымдарына және жоғары оқу орындарының түлектері үшін жалпы диалогтық алаңның құрылуына бағытталған.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жас ғалымдар Кеңесі онлайн-кездесуге қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді.