AmicuChat шыңдарды бағындырады!
- Подробности
- Опубликовано: 05 октября 2019
Жасөспірім кезеңі - жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу кезеңі. Жасыратыны жоқ, бұл жаста қоғамға деген сезім ерекше қажет. Бірақ басқаларға ұқсамайты балалар ше? Жағдайды талдай келе, Әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 2 курс студенттері Сероус Анна мен Николаенко Владислав әлеуметтік вакуумдағы балаларға психологиялық көмек пен қолдау көрсетуге мобильді қосымшаны құруды жоспарлап отыр. Әр мектеп үшін жеке чат бір платформаның негізінде жасалады, тіркеу кезінде бала белгісіз болып қалуы мүмкін. Мамандар баланың проблемалары мен алаңдаушылықтарын түсінуге көмектеседі. Сөйлесуге қатысушылар үшін құпия ортаны және қауіпсіздікті құру үшін дөрекі сөздер, күдікті сілтемелер және т.б. жойылады.
4-9 қыркүйек аралығында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Парасат» Цифрлық хабы негізінде Назарбаев Университетінен акселерацияландыру бағдарламасына іріктеу болды, онда AmicusChat жобасы бағдарлама жеңімпазы және финалисті болды. Енді жаңа бастаған кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі, соның ішінде Қазақстанның және шетелдің ең жақсы жаттықтырушыларынан бизнес-тренингтер мен тәлімгерлік болады. Сонымен қатар, 5 қазанда Нұр - Сұлтан қаласында ҚазГЗУ базасында өткен ZhasCamp - 2019 жоба акселерация бағдарламасына ұсынылды. Сараптама комиссиясының мүшелері бірауыздан Алматыда өтетін ZhasCamp - 2019 республикалық кезеңіне AmicusChat жобасына жолдама беруге шешім қабылдады. Бұл жерде жоба халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер қаржылық қолдау және тәлімгерлік қызметімен қамтамасыз етеді.
Жаңа ашылған «U - Smart» бизнес-инкубаторы жобаның барлық кезеңдерінде қатысушыларды толығымен қолдады.