Тәлімгерлер туралы конкурсқа қатысушы жас мамандардың пікір
Наставник:
Таурбаева Гульжан Урмантаевна химия ғылымдарының кандидаты, доценті |
Тауакелов Чингис Айдаргазиевич
магистр педагогических наук, преподаватель |
Тауакелов Ч.А.: Мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне 5В011200-«Химия» мамандығына 2011 жылы оқуға түскен болатынмын. Сол жылдан бастап Гүлжан Ормантайқызымен білім және тәлім-тәрбие ықпалында келе жатырмын. Студенттік кезде ол кісі жоғары білікті, білімді, құзіретті, ең бастысы, студенттерге әрдайым қол ұшын беруге дайын оқытушы екеніне көзім жетті. Айта кетер болсам, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне мақсатты түрде магистратураға оқуға түсуге Гүлжан Ормантайқызының бағыт-бағдар беруі көмегін тигізді. Қазіргі уақытта химияны оқыту әдістемесі бойынша тәжірибемді арттыру үшін Гүлжан Ормантайқызының сабақтарын жиі бақылаймын – сабақ жүргізу барысында оқытудың жаңа технологияларын барынша қолданады. Химия пәндерін оқытудағы негізгі ұстанымы – химиялық заттар мен процестерді қарастыру кезінде олардың мағынасын түпкілікті заңдар мен теориялар негізінде терең түсіндіру немесе студенттерді соған жетелеу. «Сабақта оқытудың әр түрлі стратегияларын пайдалану – бұл басты мақсат емес, химиялық процестердің мехнизмін түсіну пайдаланылған әдістердің бүркемесінде қалып қоймауы керек. Жақсы мұғлім химияны жақсы білуі керек, ал әдіс-тәсілдер тек көмекші құрал ретінде болуы тиіс»,-деген пікірді негізгі қағида ретінде ұстанады. |
|
Тәлімгер:
Порубов Геннадий Николаевич Аға оқытушысы |
Самойлов Алексей Алексеевич
Аға оқытушысы |
Самойлов А.А.: ҚМПУ де студент болғанда Геннадий Николаевичпен танысқан едім. Ол шанғы спортынан сабақ беретін. Мен оның бар ынтасымен сабақ беретініне қызығатынмын. 2014 жылдан бастап ол менің мұғалімім және үлгі тұтар адамым. Геннадий Николаевич-нағыз ұстаз! Ал ұстаз болу нағыз қабілет. Ол мені өзін-өзі дамытуға талпындырады.Жаңа конкурстарда өз күшімді сынауға үйретуде.Мүмкін, біраз жылдан кейін жас маманға көмек керек болады және мен оған көмектесуге дайынмын. |
|
Тәлімгер:
Шалгимбекова Алия Батырхановна старший преподаватель кафедры педагогики |
Ермаганбетова Акбота Жаналыковна
преподаватель кафедры педагогики, магистр гуманитарных наук |
Тәлімгер:
Шалгимбекова Алия Батырхановна педагогика кафедрасының аға оқытушысы |
Ермаганбетова Акбота Жаналыковна
Педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі |
Ермаганбетова А.Ж.: Ермағанбетова А.Ж.: Мен екінші, үшінші курста студент болғанымда Әлия Батырханқызы маған сабақ берген болатын. Қызықты тәжірибелік сабақтары мен дәрістері күні бүгінге дейін есімде. Кешегі шәкіртінің бүгінгі әріптеске айналуы Әлия Батырханқызының көп жылдар бойғы еңбегінің жемісі деп білемін. Біз 2017 жылдан бастап бірге жұмыс жасап келеміз. Студенттердің инновациялық бастамаларын әрқашан қолдап отырады. «Мұғалім – күрделі нәрселерді жеңілдете алатын адам» - бұл менің тәлімгерімнің негізгі педагогикалық ұстанымы. Әлия Батырханқызы өз жұмысына адал және студенттерге әрқашан әділ. Оның педагогикалық жұмысқа деген мотивациясы мен үшін үлгі. |
|
Тәлімгер: Гурская Ирина Федоровна
ДШСжТТмП кафедрасының аға оқытушысы |
Шкваренко Никита Сергеевич
ДШСжТТмП кафедрасының оқытушысы |
Шкваренко Н.С.: Ирина Федоровнамен біз 2010 жылдан «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің 1-ші курсына түскен кезден бастап жұмыс істейміз. Студент кезімнің өзінде мен оның оқу материалын жоғары деңгейде меңгерген және студенттік топты тиімді басқара алатын маман екенін байқадым. Ол кісінің дәрістері мен семинарларына үлкен ықыласпен қатысып жүрдім. Ол студенттердің шығармашылық бастамаларын әрдайым қолдайды, оларға сөз және іспен көмектеседі. Өзінің педагогикалық мансабындағы негізгі ұстанымы - «Жаман студенттер болмайды, әр студент бірегей және белгілі бір жақтарымен ерекше, оны тек дұрыс жолға бағыттау керек». Ирина Федоровнадан мен студенттерге жеке көзқараспен қарау, олардың потенциалын ашу қабілетін, адамгершілігін және жұмысқа жауапкершілікпен қарау сияқты қасиеттерін қабылдаймын. |
|
Тәлімгер:
Есмаганбетова Шынар Кауатаевна өнер кафедрасының аға оқытушысы |
Амирхамзин Наурызбай Касенгалиевич
өнер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі |
Амирхамзин Н.К.: Мен өз кафедрамның 2012 жылғы түлегімін. Студенттік кезімде Шынар Кауатаевна біздің көптеген сабақтарымызды жүргізген еді. Әр сабағына біз қуана келуші едік, себебі Шынар Кауатаевна сабақтары өте қызықты да тартымды өтетін. Өз басым ол кісіден көп нәрсе үйрендім. Музыка әлемін енді ғана танып жатқан студент үшін ол кісінің берген ақпараты зор болды. Шынар Кауатаевна мені музыка әлеміне жетеле қоймай, ұстаз болудың қыр сырын да үйретті. Студенттерінің әр бастамаларын қатты сыңға алмай, әрқашан қолдап отырды, бағыт-бағдар көрсетіп отырды. Шынар Кауатаевна арқасында көптеген студенттер көптеген сайыстарда жеңістерге жетіп отырды. Шынар Кауатаевна білікті маман, қобыз аспабының шебері, өз ісіне адал, айналасына әділ ұстаздардың бірі. Кафедраның қазіргі таңдағы көптеген жетістерінің басым үлесі Шынар Кауатаевнаның арқасы деп білеміз. Менің педагогикалық қызметімдегі алға қойған мақсаттарымның бірі: ұстазым Шынар Кауатаевна сынды өз ортасында сыйлы ұстаздардың бірі болу. |
|
Тәлімгер:
Ли Елена Дмитриевна педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ профессоры |
Гущина Ульяна Валерьевна
"Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасының оқытушысы, психологиялық-педагогикалық білім беру магистрі |
Гущина У.: 12 жыл бұрын, 11 сынып түлегі бола тұрып, Мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу"мамандығына оқуға түстім. Оқудың алғашқы күндерінде, барлық студенттер сияқты, мен өмірдің жаңа жағдайларына, жаңа оқу орнына бейімделуге бетпе-бет келдім, мен кафедра оқытушыларының, атап айтқанда ли Елена Дмитриевнаның арқасында сәтті оқып шықтым. Төрт жыл оқу өтіп кетті бір күні болып өтіп шықты, бірақ, әрине, зор пайдамен және баға жетпес білім алған едімі. Елена Дмитриевна жүргізетін пәндері әрдайым қызықты, креативті және пайдалы болатын. Елена Дмитриевнаның арқасында біз өз кәсібімізді жақсы көрдік,бұл бізге өз ісінде жақсы маман болуға мүмкіндік берді. Міне, 6 жыл өткеннен кейін Ли Елена Дмитриевнаның шақыруы бойынша мен «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасына қайта оралуыма қуаныштымын, бірақ оқытушы ретінде. Елена Дмитриевнаның жетекшілігімен мен 2 жыл бойы жұмыс істеймін, және әрине, кез келген жас маман сияқты жұмыста қиындықтар көрдім, мұнда да Елена Дмитриевна әрдайым көмекке келді. Елена Дмитриевна тарапынан ықылас пен көмекпен мені және әріптестерімді күн сайын қолдайтынын атап өткім келеді. Оның белсенділігі мен жігерлігі бізді сергектікпен қуаттайды, мақсатқа талпынушылық орындалмайтын міндеттер жоқ деп сендіреді – тек стандартсыз шешімдер болғанда ғана керек. Кафедрада әрдайым шығармашылық атмосферасы және өзара қолдау орнайды, көп жағдайда Елена Дмитриевнаның ұжыммен қарым-қатынас саясаттының арқасында, ол бізді өз жұмысына деген жылулық және махаббатпен ұялатады. Елена Дмитриевнаның икемді еңбек әдістері ертеңгі күнге сенімділік туғызады және күш береді. Елена Дмитриевнаның оптимизмі мен өмір сүйгіштігіне қарамастан, қиын уақыт болған кезде қолдарын босатпайды. Ұлы орыс профессоры Василий Осипович Ключевский айтқандай," жақсы оқытушы болу үшін, оқытатынынды сүю және оқытатындарды сүю керек " және бұл сөздерді үнемі айтатын Ли Елена Дмитриевна, кәсіби оқытушы ретінде сезімтал және тәлімгер ретінде педагогикалық қызметін жақсы сипаттай алады. |